«Ән жырым – саған ауылым!
41 ViewsЖақында «Ән жырым – саған ауылым!» атты «Р етро» вокалды аспапты ансамблінің Ақыртөбе ауылында концерті өтті. Аталмыш ансамбль осындай концертті бұдан кейін Тереңөзек ауылында…
Өткен жұмада аудан әкімі
Ернар Есіркепов Мемлекет
басшысының Жарлығына сәйкес,
Қайыңды ауылдық округінің
тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде округте атқарылып
жатқан жұмыстар мен алдағы
жоспарлар талқыланып,
тұрғындар көтерген өзекті
мәселелерге ерекше назар
аударылды.
Соңғы жылдары округтің әлеуметтік
және инженерлік инфрақұрылымын
дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар
жүзеге асырылып келеді. Округке
1,5 миллиард теңгеге жуық қаражат
бөлініп, бірқатар жұмыстар атқарылған.
Атап айтқанда, «Ақыртөбе – Тереңөзек
– Қайыңды» автомобиль жолына
жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-
ақ, Қайыңды ауылында фельдшерлік-
акушерлік
пункт салынып, пайдалануға
берілсе,
Сөгеті және Мамай ауылдарында
су қабылдағыш пен су құбыры
желілері
іске қосылды.
Бұл жұмыстың өзіне бюджеттен 1 миллиард теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар округ инфрақұрылымын жақсарту үшін 100 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, ауылішілік көшелерге орташа жөндеу жүргізіліп, көше жарықтандыру жұмыстары атқарылды.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауылға апаратын 5,5 шақырымдық жолды жөндеу, шағын футбол алаңын салу, интернет байланысының сапасын арттыру, мектепті қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және ауылішілік жолдарды жөндеу мәселелері көтерілді. Аудан әкімі аталған ұсыныстар мен өтініштердің барлығы назарға алынып, заң аясында кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштері тұрақты бақылауда болатынын атап өтіп, округтің одан әрі дамуы үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды. Айта кету керек, Нұржан Сералиев басшылық ететін Қайыңды ауылдық округінің тұрғындары мен белсенді жастары Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысып келеді. Олардың бастамасымен Қайыңды ауылының кіреберісіне ауыл атауы жазылған стелла орнатылып, мешіт жанынан асар әдісімен асхана салу жұмыстары қолға алынған. Бұл ауыл тұрғындарының туған жерге деген жанашырлығы мен елді мекеннің дамуына қосып отырған үлесінің жарқын көрінісі.
Аудан әкімі жиын аяқталысымен-ақ, ауыл ағаларымен бірге аталмыш игі бастамаларды аралап көріп, ауыл тұрғындарының бірлігі мен ұйымшылдығына жоғары баға берді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.