Диагностикалық-медициналық кешен ауылдарды аралауда

33 Views

АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ТИЕСІЛІ МЕДИЦИНАЛЫҚ- ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КЕШЕН БЕКІТІЛГЕН ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРҒА КӨШПЕЛІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ.

Бұл жолы кешен Қарақыстақ ауылдық округіне барып, жергілікті тұрғындарға сапалы медициналық көмек ұсынды. Көшпелі қабылдау барысында азаматтар дәрігерлердің кеңесіне жүгініп, алғашқы медициналық тексеруден өтті. Сонымен қатар қажетті диагностикалық қызметтер көрсетіліп, тұрғындардың денсаулық жағдайы бақылауға алынды. Мұндай мобильді кешеннің басты мақсаты – шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, аурудың алдын алып, дер кезінде ем көрсету. Ауыл тұрғындары өз кезегінде ақ халатты абзал жандарға алғыстарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың маңыздылығына жоғары баға берді.

«Құлан медиа»  ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий