Балауса талант

36 Views

Ж у ы р д а Т а р а з қ а л а с ы н д а
«MADENIET EDUCATION» оқу-
ғылыми шығармашылық журналының
ұйымдастыруымен республикалық
«Анама сыйлық» атты байқау өтіп,
онда әр түрлі жас категориясында
қатысушылар өнер көрсетіп, сайысқа
түсті. «Анама сыйлық» атты Тараз
қаласында ұйымдастырылған байқауға
Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта
мектептің 8 «Ә» сынып оқушысы,
Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің тәрбиеленушісі
Жемісай Аққу да қатысып, «Дәстүрлі
ән» орындау жанрындағы бәсекеде
бас жүлде жеңіп алып, халықаралық
байқауға жолдама еншіледі. Жетекшісі
– жақсы әнші, Мұқан Төлебаев
атындағы балалар музыка мектебінің
оқытушысы Гүлнұр Абдурахманова.
Жемісай Аққу өте талантты оқушы.
Оның Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін
жақында өткен іс-шаралардың бірінде
келісті орындағанын да көзімізбен көргенбіз. Жемісай тек қазақтың қара
домбырасымен әндер шырқамайды.
Ол Мұқан Төлебаев атындағы балалар
музыка мектебінде «Вокал» сыныбында
да Айнұр Жиенбаевадан дәріс алады.
Мұқан Төлебаев атындағы балалар
музыка мектебінің оқытушысы Айнұр
Жиенбаеваның да жақсы ұстаз екенін
білеміз. Вокалдық ән сайыстарында да
Жемісай Аққу көптеген байқауларда
жеңімпаз болған. Жемісайдың анасы
Гульназ Искакова да аудандық «Әжелер» ансамблінде ән айтады. Әнге
деген құштарлық Жемісайға анасынан
дарыған болып тұр ғой. Қысқасы,
осындай балауса талант иесі Жемісай
Аққудың жеткен жетістіктері мен
адамгершілік болмысын 1 маусым –
Халықаралық балаларды қорғау күні
қарсаңында сіздер де біле жүрсін деген
ниетпен, жазып отырмыз.
Марат ДИХАНБАЙ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий