Бала көңілдің гүлі, көздің нұры

43 Views

КЕШЕ 1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ
КҮНІНЕ ОРАЙ, МЭЛС ӨЗБЕКОВ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ
МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ІЛКІМДІ ІС-ШАРА
ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Іс-шарада аудандық мәдениет үйінің
өнерпаздары әр түрлі кейіпкерлерді
сомдап, бүлдіршіндер мен балаларға
көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға
ұласып, жас өнерпаздар да өздерінің
өнерлерін көрсетті.
Одан кейін аудандық мәдениет үйінің
алдында білім алушылардың рухани-
адамгершілік мәдениетін, эстетикалық патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің
мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін
сақтау, балалар шығармашылығын
дәріптеу мақсатында жас суретшілердің аудандық байқауы өткізіліп, байқау
қорытындысы бойынша жеңімпаздар
аудандық полиция бөлімінің алғыс
хатымен марапатталды.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий