СОТ СОТТАЛУШЫҒА БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ЖАЗАСЫН ТАҒАЙЫНДАДЫ

36 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық соты
алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жым-қыру немесе алдау, сенімді теріс пай-далану жолымен бөтен мүлiкке құқықты
ием дену фактісі бойынша К.-ға қатысты
қылмыстық істі қарады (ҚК 190-бабы
3-бөлігінің 4-тармағы).
Сотпен анықталғаны:
5 наурыз 2026 жылы сағат 11:40
шамасында сотталушы К. ашылмаған
жаңа күйіндегі қорабына салынған
«Samsung Galaxy A 36» маркалы
түпнұсқалы емес ұялы телефонды
өзімен бірге алып шығып, Меркі
ауданы, Интернационал ауылы,
Т.Рысқұлов көшесінде орналақан «Нұр-Ата» жанармай бекетінің жанында
құрылыс жұмыстырын жасап жүрген
жәбірленуші Т.-ны кездестіріп, қолын-дағы ұялы телефонды ертерек сатып,
Шымкент қаласына жету үшін жолға
ақшасының жоқтығын сылтауратып
сендіріп, «Samsung Galaxy A36»
маркалы түпнұсқалы емес ұялы
телефонды жәбірленуші Т.-ға 40 000
теңгеге сатып, алаяқтыққа бағытталған
қылмыстық әрекеттің ақырына
жеткізген.
Сотталушы К. өзінің бұл қылмы-сымен шектелмей, заң алдында жауап-сыз қалғанын сезініп, 2026 жылы 5
наурызда Тұрар Рысқұлов ауданы,
Луговой ауылында орналасқан темір-жол Түрксіб станциясына келіп, онда
азаматарға ұялы телефондарды алуды
ұсынып жүріп, ашылмаған жаңа күйін-дегі қорабына салынған «Samsung
Galaxy A36» маркалы түпнұсқалы емес
ұялы телефонды жәбірленуші А.-ға ұсы-нып, 39 000 теңгеге сатқан.
Жәбірленушілерге жалпы құны 79
000 теңге материалдық залал келтірген.
К.-нің кінәсі жәбірленушілердің
арыздарымен, куәнің жауаптарымен,
заттай дәлелдемелермен және істің
басқа да материалдарымен дәлелденді.
Тараптардың позициясы:
Прокурор сотталушыға 4 жыл мер-зімге бас бостандығын шектеу жазасын
тағайындауды сұрады.
Сот үкімі:
ҚК 190 бабы 3-бөлігінің 4-тар ма-ғының санкциясында мүлкi тәркi-леніп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айна-лысу құқығынан алты жылға дейiнгi
мерзiмге айыра отырып немесе
онсыз, жымқырылған мүліктің екі
еселенгеннен үш еселенгенге дейінгі
мөлшерінде айыппұл салуға не үш
жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас
бостандығын шектеуге не сол мерзiмге
бас бостандығынан айыру көзделген.
Сот сотталушының жасаған қыл-мысын мойындап, шын ниетпен өкінуі,
мүлiктiк залалды ерікті түрде өтелгені,
кәмелет жасқа толмаған бес баласы
бар екенін қылмыстық жауаптылық
пен жазасын жеңілдететін мән-жай деп
таныды.
Сот сотталушының жауаптылығы
және жазасын ауырлататын мән-жай
жоқ деп санады.
Сот үкімімен К.ҚР ҚК-нің
190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен
кінәлі деп танылып, оған осы баппен
4 (төрт) жыл бас бостандығын шектеу
жаза сы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий