ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ұлт болашағы

27 Views

Ағымдағы жылдың мамыр айында
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Отба-сын қолдау орталығы» КММ-нің
ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданы
бі лім бөліміне қарайтын Құлан мектеп-гимна зиясында «Отбасы құндылығы
– ұлт болашағы» тақырыбында ата-ана лар форумы өтті. Форумның басты
мақсаты – отбасы құндылықтарын
дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы
қарым-қатынасты нығайту, ұлттық
тәрбие мен рухани құндылықтарды
насихаттау болды. Қазақ халқы ежелден
отбасы тәрбиесіне ерекше мән берген.
«Отан – отбасынан басталады» деген
дана сөздің астарында үлкен мағына
жатыр. Әрбір бала ең алдымен ата-ананың тәрбиесін көріп өседі. Үлкенге
құрмет, кішіге ізет, мейірімділік,
адалдық, еңбекқорлық секілді қасиеттер
отбасыдан қалыптасады.
Іс-шарада «Т.Рысқұлов ауданы
әкімдігінің Отбасын қолдау орта-лығы» КММ-нің директоры Айгүл
Алдабергенқызы орталық тарапынан
отбасыларды қолдау шаралары туралы
кеңінен тоқтала айтты. Аудандық
ата-аналар комитетінің төрайымы
Элла Сүлейменқызы отбасының
қоғамдағы рөлі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен ұлттық
құндылықтардың маңызы жөнінде
мазмұнды пікірін білдірді.
Форум аясында ата-аналар бала
тәрбиесіндегі отбасының рөлі,
жасөспірімдер арасындағы тәрбие
мен тәртіп мәселелері жөнінде өз
ойларымен бөлісті. Сонымен қатар
ұлттық құндылықтарды дәріптеу,
отбасындағы өзара сыйластық пен
жауапкершілікті арттыру бағытында
ұсыныстар айтылды.
Іс-шара барысында қатысушылар
отбасы – қоғамның негізгі тірегіекенін атап өтіп, ұрпақ тәрбиесіне
бірлесе атсалысудың маңыздылығына
тоқталды. Жастарға ұлттық тәрбие
беру, ата-ана мен мектеп арасындағы
байланысты нығайту мәселелері
кеңінен талқыланды.Форум соңында
ұйымдастырушылар қатысушыларға
алғыс білдіріп, мұндай тағылымы мол
кездесулер алдағы уақытта да жалғасын
табатынын жеткізді.
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
Отбасын қолдау орталығы КММ-сі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий