Ауылға сыйлы – іскер әкім
«Елге қызмет ету – әр азаматтың қасиетті
борышы». Бұл сөздің мәнін терең түсініп, оны
өз қызметінің басты қағидасына айналдырған
азаматтардың бірі – Өрнек ауылдық округінің әкімі Айхан
Жамбылұлы Назарбеков.
Қай кезеңде болмасын елдің дамуы мен халықтың әл-
ауқаты ең алдымен сол өңірге жанашырлықпен қарайтын,
жауапкершілігі жоғары басшыларға байланысты.
Осындай азаматтардың қатарында мемлекеттік
қ ы з м
е т с а л а с ы н д а к ө п ж ы л ды қ т ә ж і р и б е ж и н а қ т
а п , т у ғ
а н ж е р і н і ң ө р к ен д еу і не ө з ү ле с і н қ ос ы п
ж ү р г
ен А й х а н Ж а м б ы л ұ л ы н ы ң о р н ы е р е к ш е .
Айхан Жамбылұлы
Назарбеков 1987 жылдың 5 қазанында
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданының Алғабас ауылында
дүниеге келген. Балалық шағынан білімге құштар болып өскен
ол өз болашағын елге қызмет етумен байланыстырды. Орта мектепті аяқтағаннан кейін жоғары білім алып, заң саласы бойынша маманданды.
Кейін қаржы саласын да меңгеріп, кәсіби білімін толықтырды. Бұл оның мемлекеттік
басқару жүйесіндегі қызметін жан-жақты әрі сапалы атқаруына мүмкіндік берді.
Еңбек жолын 2009 жылы жастар тәжірибесі арқылы бастаған Айхан Жамбылұлы
мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларынан өтті. Жетекші маман, бас маман, сектор
меңгерушісі, бөлім басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы секілді жауапты
лауазымдарда еңбек етіп, ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіби шеберлігін көрсетті.
Әрбір қызметте халықтың сенімінен шығып, әріптестері арасында беделге ие болды.
Мемлекеттік қызметтегі жылдар оған үлкен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік
берді. Әсіресе тұрғындармен тікелей жұмыс істеу, олардың мәселелерін тыңдау
және шешу жолдарын табу – оның басты ұстанымдарының біріне айналды.
Сондықтан да ол бүгінде халықпен етене араласып, ауыл тұрғындарының
м ұ ң — м ұ қ т а ж ы н ж а қ с ы б і ле т і н б а с ш ы л а р ды ң қ а т а р ы н а н с а н а л а ды .
Қазіргі таңда Айхан Жамбылұлы Өрнек ауылдық округінің әкімі ретінде ауылдың
әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Оның
басшылығымен ауылдың инфрақұрылымын жақсарту, көше жарықтарын
орнату, санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және
тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Әсіресе ауылдың тазалығы мен көркеюіне ерекше мән беріледі. Ел Президентінің
бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында
ұйымдастырылған сенбіліктерге тұрғындарды жұмылдырып, қоршаған ортаны
қорғау мәдениетін қалыптастыруға атсалысып келеді. Бұл жұмыстар ауыл
тұрғындарының туған жерге деген жанашырлығын арттыруға ықпал етуде.
Айхан Жамбылұлы жастар мәселесіне де ерекше көңіл бөледі. Өйткені жастар – елдің
ертеңі, мемлекеттің болашағы. Сондықтан ауыл жастарының білім алып, спортпен
шұғылдануына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау маңызды
бағыттардың бірі болып табылады. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың
бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері де тұрақты назарда.
Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының негізгі саласы. Осы
бағытта да ауыл тұрғындарына қолдау көрсету, кәсіпкерлікті дамыту және
шаруалардың мәселелерін шешуге ықпал ету жұмыстары жүргізілуде. Ауыл
тұрғындарының табысын арттыру мен кәсіпкерлік белсенділігін көтеру
бағытындағы бастамалар ауыл экономикасының дамуына серпін беруде.
Айхан Жамбылұлының басты жетістіктерінің бірі – халық сеніміне ие болуы.
Басшылық қызметте жүрген жылдары ол өзін жауапты, еңбекқор әрі әділ
азамат ретінде таныта білді. Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштеріне
бейжай қарамай, оларды шешу жолында бар күш-жігерін жұмсап келеді.
Әрбір ауылдың дамуы – ел дамуының көрсеткіші. Сондықтан ауылдың
гүлденуі жолында еңбек ету үлкен жауапкершілік жүктейді.
Осы жауапкершілікті терең сезінетін Айхан Жамбылұлы туған өлкесінің
өркендеуі үшін аянбай еңбек етіп келеді. Оның ұйымдастырушылық
қабілеті, кәсіби біліктілігі және елге деген жанашырлығы ауыл т ұ р ғ ы н д а р ы н ы ң қ ұ р м е т і не и е б о л у ы н а с е б е п б о л ы п о т ы р .
Халқымызда «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деген
қанатты
сөз бар. Ел мүддесін бәрінен жоғары қоятын, халықтың
игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген Айхан Жамбылұлы Назарбек
о в т і ң е ң б е г і ос ы с ө з д і ң ж а р қ ы н к ө р і н і с і д еу г е б о л а ды .
Алдағы
уақытта да Өрнек ауылдық округінің дамуына үлес қосып,
халықтың
әл-ауқатын арттыру жолындағы игі бастамалары жалғасын
табатынына
сенім мол. Елге қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған
азаматтың
еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Мерей СЕЙСЕН.
