Өз жұмысына жауапты медбике

25 Views

Аудандық орталық аурухананың қабылдау бөлімінде де жұмыс өте қарбалас.
Түрлі жағдайлар да болып жатады. Біреулер зекіп сөйлейді. Біреулер сіз деп
сыпайылық танытады. Тіпті біреулер ар намысыңа да тиетін сөздер айтады.
Қабылдау бөлімінде бәріне төзімділік танытып, жұмысына жауапкершілікпен
қарап еңбек етіп келе жатқан әрі ұжымдастарына сыйлы бола білген бір жан бар.
Оның есім-сойы – Ережепбаева Айткүл Әділбекқызы.
Медбике Айткүл Ережепбаеваның да аудандық орталық аурухананың
қабылдау бөлімінде жұмыс жасап келе жатқанына 20 жылдан асыпты. 2005
жылдан бері ол осы аудандық орталық ауруханада жұмыс жасап келеді.
Кейіпкеріміз бала күнінен осы медицина саласында еңбек еткісі келгенін айтты.
Сол себепті Тараз қаласындағы медициналық колледжге оқуға түскен. Біз өзге
медбикелерден кейіпкеріміздің портретін сұрағанымызда, Айткүл Әділбекқызын
ұжымдағы әріптестері еңбекқор әрі кез келген адаммен тез тіл табыса алатын
мейірімді медбике деп мәртбесін асырып, жұмысын жоғары бағалады. Бұл әрине
нағыз еңбектің нәтижесі деп бағалаймыз.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий