Фотошежіре
16 ViewsСуреттер сөйлейді Поделиться ссылкой:
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ, ӨТКЕН
СЕЙСЕНБІДЕ МЭЛС ӨЗБЕКОВ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ
МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ.
Шараға мемлекеттік қызмет ардагерлері мен сала мамандары қатысты.
Мерекелік жиында аудан әкімі Ернар Есіркепов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби
мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына
қосып жүрген үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, жиын барысында өз қызметінде
жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілік танытқан бірқатар мемлекеттік
қызметкерлерге облыс және аудан әкімінің марапаттары табыс етілді.
Бұдан бөлек жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналары арнайы шақырылып,
саналы ұрпақ тәрбиелеп, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарды
қалыптастырудағы еңбектері үшін құрмет көрсетілді.
Шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.