АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Қазіргі таңда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грантқа құжат қабылдау жүргізілуде. Барлық құжаттар электронды түрде қабылданады. Осыған байланысты азаматтарды сақ болуға шақырамыз. Мемлекеттік грант алу үшін ешқандай делдалдың немесе үшінші тұлғаның қызметі қажет емес. «Грантты кепілдендіріп береміз», «кезексіз өткіземіз» деген жалған ұсыныстарға сенбеңіз. Құжаттарыңызды тек ресми ақпарат көздері арқылы тапсырып, жеке деректеріңіз бен қаражатыңызды күмәнді тұлғаларға бермеңіз.
Сақ болыңыз! Алаяқтардың құрбаны болмаңыз!
