Құланда құрылыс жұмыстары қарқынды
Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев
өңірлерді дамытудың
жаңа тәсілдерін
енгізіп, аймақтардың
әлеуетін арттыруды
басты міндеттердің бірі
ретінде айқындаған
болатын. Осы
бағыттағы жұмыстар
Тұрар Рысқұлов
ауданында да жүйелі
түрде жүзеге
асырылуда.
Өткен аптада аудан әкімі Ернар
Есіркепов бірқатар маңызды құрылыс
нысандарын
аралап, атқарылып жатқан
жұмыстардың барысымен танысты.
Алдымен экономиканың дамуына
серпін беретін маңызды жобалардың
бірі – Түрксіб теміржол бекетінің қайта жаңғырту жұмыстары қаралды.
Заманауи талаптарға сай бой көтеретін нысан көлік логистикасын дамытуға
және тұрғындарға қолайлы жағдай
жасауға
мүмкіндік береді. Сондай-
ақ, Луговой ауылының келбетін жақсарту
мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бекет маңындағы тұрғын
үйлердің сыртқы келбетін реттеу, «ТазаҚазақстан» акциясы аясында арық-
атыздарды тазалау бойынша нақты
тапсырмалар беріліп, жауапты сала
басшыларына іске асыру тетіктерін
әзірлеу жүктелді.
А у д а н д а ә л е у м е т т і к и н ф р а құрылымды
дамыту бағытындағы
жұмыстар
да қарқынды. Қарақат
және Құлан ауылдарында балалар
мен жасөспірімдерге арналған жаңа
спорт нысандарының құрылыстары
жүргізілуде. Бұл – өскелең ұрпақтың
салауатты өмір салтын қалыптастыруға
бағытталған маңызды жобалар. Аудан
әкімі қос нысанды аралау барысында
жұмысты сапалы әрі өз мерзімінде
аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар
тұрғындардың күнделікті тұрмысын
жеңілдететін мәселелер де назардан тыс
қалмады. Аудан басшысы Құландағы
балабақшаға апарар жолды реттеу
және автотұрақ мәселесін шешу
бойынша жауапты мекемелерге нақты
тапсырмалар берді.
«ҚҰЛАН МЕДИА»
АҚПАРАТ.
