«Таза Қазақстан» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар сараланды

24 Views

ЖАҚЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
БЕЙСЕНБЕК ӘЛПЕЙІСОВТЫҢ
ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН   АУДАНДЫҚ  ҚОҒАМДЫҚ
КЕҢЕСТІҢ  ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Аталмыш отырыста «Таза
Қазақстан» акциясы бойынша 2026
жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар талқыланды. Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бөлімі басшысының уақытша
міндетін атқарушы Медет Аденов
және аудан әкімдігі ішкі саясат
бөлімінің басшысы Нұрлан Көпбаев
баяндама жасады. Қоғамдық кеңес
мүшелері Мұратхан Шүкеев, Раушан
Жұманқұлова, Мұратбек Өмірзақов,
Мұрат Жайлыбаев аудан әкімдігі
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі басшысының уақытша
міндетін атқарушы Медет Аденов
пен Құлан ауылдық округінің әкімі
Еркін Сейітжапаровқа бірқатар өзекті сауалдарды қойды. Олар сұрақтарға
егжей-тегжейлі нақты мысалдар арқы лы
жауап берді. Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі аудандағы
«Таза Қазақстан» акциясы бойынша
жасалып жатқан жұмыстардың жай-күйі
бойынша аудандық аналар кеңесінің
төрайымы Түзел Алагозова және
аудандық әкелер кеңесінің төрағасы
Мырзабек Маңғұтов сөз сөйлеп, бірқатар сыни-ескертпелерін айтты. Отырысты қорытындылаған Қоғамдық
кеңестің төрағасы Бейсенбек Әлпейісов
«Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде
көптеген жұмыстар атқарылғанына
тоқтала кетіп, тиісті шешімдер мен
кеңес ұсынымдарын жеткізді.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий