ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ– жаңа құқықтық кезең

20 Views

ЖАҚЫНДА АУДАН ӘКІМІ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВТІҢ
ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ  ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛУІНЕ  ОРАЙ, АУДАН АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Жиында жаңа Конституцияның еліміздің саяси жаңғыруындағы тарихи
орны, заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын
қорғау, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, білім мен ғылымды дамыту,
цифрландыру, азаматтық қоғамды қолдау және қоғамдық келісімді одан әрі дамыту
мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы Ербол
Әбутәліпов жаңа Конституция аясында жергілікті өкілді органдардың халық пен
билік арасындағы байланысты нығайтудағы жауапкершілігіне тоқталды.
Жиын қорытындысында жаңа Конституция қағидаттарын аудан көлемінде
тиімді іске асыруға, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге және
мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған нақты
міндеттер белгіленді.

АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий