Аудан басшысы Тәжікстаннан келген инвестормен кездесу өткізді

22 Views

Жақында  аудан әкімі  Ернар Есіркепов
Тәжікстан  Республикасынан  келген инвестормен
жұмыс кездесуін  өткізіп, аудан  аумағында жүзеге
асырылатын инвестициялық  жобаны  талқылады.

Кездесу барысында бастапқы
инвестиция көлемі 1,2 миллиард
теңгені құрайтын, ал жоба толық іске асырылғаннан кейінгі жалпы
құны 3 миллиард теңгеге жететін
инвестициялық жоба таныстырылды.
Жоба аясында тәулігіне 120-250
тонна өсімдік майын өндіретін зауыт,
тәулігіне 50 тонна құрама жем өндіретін
кәсіпорын, өндірістік кешен және 6000
басқа арналған мал бордақылау алаңы
салу жоспарланған. Аталған жоба
жергілікті кәсіпкердің қатысуымен
бірлескен инвестиция негізінде жүзеге
асырылатын болады.
Жобаның іске асырылуы ауданның инвестициялық әлеуетін арттыруға,
өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа
жұмыс орындарын ашуға және өңірдің  әлеуметтік-экономикалық дамуына оң
серпін береді.
Кездесу қорытындысы бойынша
аудан әкімі Ернар Есіркепов жауапты
бөлім басшыларына инвестициялық
жобаны жан-жақты сүйемелдеуді
қам тамасыз ету, сондай-ақ, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес,
барлық қажетті рәсімдерді жедел әрі
сапалы ұйымдастыру жөнінде нақты
тапсырмалар жүктеді.
АУДАН ӘКІМІНІҢ  БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий