ҰЙЫМДАСҚАН ӘРҚАШАН ҰТАДЫ

25 Views

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, өткен сәрсенбіде
аудан әкімі Ернар Есіркепов Ақниет ауылдық округінің
тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан аумағында және округте атқарылып
жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланып, тұрғындар
көтерген өзекті мәселелерге назар аударылды.

Аудан әкімі өз сөзінде инвестиция
тарту, агросаланы дамыту, тұрғын үй
саясатын жүргізу және елдімекендерді
инфрақұрылыммен қамту бағытында
атқарылған жұмыстарды жіпке тізді.
Расыменде, соңғы кездері аудан
а у м а ғ ы н д а а т қ а р ы л ы п ж а т қ а н
жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай.
Мәселен, аудан басшысы өз сөзінде и н в е с т ж о б а л а р ды ң ө ң і р ү ш і н
аса маңызды фактор екенін айтып,
ақниеттіктерге соңғы кездері қолға
алынып жатқан жобаларды да жеке-жеке
таныстырды. Ернар Серікәліұлының
айтуынша, бұл жобалар тек ауданның
әлеуметтік-экономикалық жағдайын
жақсартып қана қоймай, шағын орта бизнестің қарыштап дамуына
серпін беретінін сөз етті. Осы ретте
айта кетейік, соңғы уақытта ауданға
7,5 миллиард көлемінде инвестиция
тартылған. Кездесу барысында тұрғындар
денсаулық сақтау саласындағы кадр
тапшылығын жою, жас кәсіпкерлерге
қолдау көрсету, арық-атыздар мен
көпірлерді реттеу, қоқыс полигон
айналасын тазалау және елдімекенді
абаттандыру мәселелерін көтерді.
А у д а н ә к і м і б а р л ы қ с ұ р а қ қ а
толыққанды жауап беріп, аталған мәселелер шешілгенге дейін тұрақты
бақылауға алынатынын айтып, жауапты
тұлғаларға хаттамалық тапсырмалар
берді.
Сөз соңында Мемлекет басшысының
«Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан»
тұжырымдамаларын қолдауға әрі
ұстануға шақырып, елді мекен аумағын тазалауға, арық-атыздарды реттеуге
ауыл халқы да атсалысса деген тілегін
де жеткізді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий