Бұл – еліміздің саяси жүйесіндегі маңызды оқиға

14 Views

23 тамызда Құрылтай
депутаттарының сайлауы
өтеді. Осыған орай, әріптесіміз
аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Манарбек Тлеповтан сұхбат
алған еді. Сол сұхбатты
газеттің бүгінгі санында
жариялап отырмыз.

– Манарбек Әміреұлы, биыл
елімізде алғаш рет Құрылтай
депутаттарының сайлауы өтеді.
Алдымен осы сайлаудың ерекшелігі
туралы айтып өтсеңіз?
– Иә, 2026 жылғы 23 тамызда
Қазақстан Республикасының тарихында
алғаш рет Құрылтай депутаттарының
сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің саяси
жүйесіндегі маңызды оқиға. Құрылтай
д е п у т а т т а р ы б е с ж ы л м е р з і м г е
сайланады. Құрылтай құрамына
біртұтас жалпыұлттық сайлау округі
бойынша партиялық тізімдер арқылы
сайланатын 145 депутат кіреді. Сайлау
жалпыға бірдей, тең және төте сайлау
құқығы негізінде жасырын дауыс беру
арқылы өткізіледі.
– Құрылтай депутаты болуға
қойылатын негізгі талаптар қандай?
– Құрылтай депутаты болып
жиырма бес жасқа толған, Қазақстан
Республикасының азаматы және
еліміздің аумағында соңғы он жыл бойы
тұрақты тұрған азамат сайлана алады.
Сонымен қатар заң талаптарына сәйкес,
партиялық тізімдерде әйелдердің,
жастардың және мүгедектігі бар
адамдардың жиынтық үлесі кемінде 30
пайыз болуы тиіс.
– Сайлаушылар тізімін кім
жасайды және азаматтар оған қалай
енгізіледі?
– Сайлаушылар тізімін азаматтардың
тұрғылықты жері бойынша жергілікті
атқарушы органдар жасайды. Тізімге
дауыс беру күні он сегіз жасқа толған,
белсенді сайлау құқығына ие және
тиісті сайлау учаскесінің аумағында
тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі. Әрбір азамат тек
бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
– Егер азамат уақытша басқа
жерде тұратын болса, ол дауыс бере
ала ма?
– Әрине. Уақытша тіркелген
азаматтар жергілікті атқарушы органға
өтініш беру арқылы 2026 жылғы 23
шілдеге дейін өздерін сайлаушылар
тізіміне енгізе алады. Бұл олардың
уақытша болатын жерінде дауыс
беруіне мүмкіндік береді.
– А з а м а т т а р ө з д е р і н і ң
сайлаушылар тізіміне енгізілгенін
қалай тексере алады?
– 2026 жылғы 7 тамыздан бастап
әрбір сайлаушы тиісті әкімдіктің интернет-ресурсы немесе байланыс
орталығы арқылы өзінің қай сайлау
учаскесіне тіркелгенін және сайлаушылар
тізімінде бар-жоғын тексере
алады. Бұл сайлаушыларға
қолайлы
жағдай жасау мақсатында
ұйымдастырылып отыр.
– Егер сайлаушы сайлау күні өз
тұрғылықты жерінде болмаса не
істеуі қажет?
– Мұндай жағдайда сайлаушы
2026 жылғы 7 тамыздан бастап өзінің
учаскелік сайлау комиссиясына барып,
жеке басын куәландыратын құжатты
көрсету арқылы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ала
алады. Бұл куәлік 22 тамыз күні сағат
18:00-ге дейін беріледі.
– Есептен шығару куәлігін басқа
адам алып бере ала ма?
– Иә, заңнамаға сәйкес есептен
шығару куәлігін сенімхат арқылы алуға болады. Бұл жағдайда сенімхатты
нотариатта куәландыру талап етілмейді.
Алайда куәлік жоғалған жағдайда оның
телнұсқасы берілмейтінін ескерген жөн.
– Сайлау күні азамат өзімен бірге
қандай құжат алып келуі керек?
– Сайлаушы дауыс беру үшін
жеке басын куәландыратын құжатын
көрсетуі қажет. Бұл қағаз түріндегі
немесе заңнамаға сәйкес цифрлық
форматтағы жеке куәлік болуы мүмкін.
Сұхбаттасқан
Айдана МАҚСҰТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий