ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ АЙДАРБЕК САПАРОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

22 Views

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ
БИЫЛҒЫ БІРІНШІ
ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТАҒЫ
АГРОӨНЕРКӘСІП
КЕШЕНІНІҢ ДАМУ
ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІ ҚАБЫЛДАДЫ.

Президентке егістік алқаптарын
әртараптандыру, шаруаларға жеңіл­
детілген несие беру тетігін арттыру,
ауылшаруашылық техникалары
лизингін дамыту жұмыстары жайында
мәлімет берілді.
Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп
кешеніндегі өңделген өнім көлемін 70
пайызға дейін арттыруға бағытталған
шаралар қолға алынғанын баяндады.
2026 жылдың алты айында тағам
өнімдерін өндіру 14,7 пайызға ұлғайды.
Ауыл шаруашылығының нақты көлем
индексі 4,4 пайызға, соның ішінде егін
– 7,7 пайызға, мал шаруашылығы 4,4
пайызға өсті. Сонымен қатар экспорт
көлемі мен шетелге шығарылатын
өнім түрлері де көбейіп келеді.
Биылғы қаңтар­сәуір айларында АӨК
өнімдерінің экспорты 3 миллиард
долларды құрады. Бұл былтырғы сәйкес
кезең көрсеткішімен (2,2 миллиард
доллар) салыстырғанда 36 пайызға
артық. Жыл соңына қарай экспорт
көлемін 7,2 миллиард долларға дейін
ұлғайту жоспарланған.
Министр Мемлекет басшысының
тапсырмасын орындау аясында
қабылданған Мал шаруашылығын
дамыту жөніндегі кешенді жоспардың
жүзеге асырылуы туралы ақпарат берді.
Барлық санаттағы шаруашылықтарды
қамтитын жеңілдікпен қаржыландыру
жүйесі қалыптасты. Қабылданған
шаралар мал басын көбейтуді, саланың
өнімділігін көтеруді және ет өнімдерінің
экспортын арттыруды көздейді. Жайы­лымдық

мал шаруашылығын  ілгері­летуге ерекше назар аударылып отыр.
Президент тапсырмасын орындау
мақсатында 2030 жылға дейін вете­
ри нарияны дамыту жөніндегі ке­
шенді жоспар бекітілді. Оның ­
аясында ветеринарлық қауіпсіздік
жүйесін жетілдіру, саланы қосымша
қаржыландыру және нормативтік­
құқықтық базаны жаңарту қарасты-­
рылған. Агроөнеркәсіп кешенін цифр-­
лық тұрғыдан трансформациялау
жалғасуда. «Е­АӨК» бірыңғай цифрлық
платформасы базасында мемлекеттік
ақпараттық жүйелер мен жаңа цифрлық
сервистер біріктіріліп жатыр.
Болжамға сәйкес, жыл соңына
дейін ауыл шаруашылығындағы жал-­
пы өнім көлемі 5,9 пайызға артады.
Тағам өнімдері өндірісін 9,5 пайызға,
сусын өндірісін 10,5 пайызға ұлғайту
көзделген. Саладағы негізгі капиталға
2,2 триллион теңге инвестиция салын­
бақ.
Кездесу соңында Президент ауыл
шаруашылығының тиімділігін арттыру,
қосылған құны жоғары өндірісті жан-­
дандыру, экспорттық әлеуетті кеңейту
және еліміздің азық­түлік қауіпсіздігін
нығайту жөнінде бірқатар тапсырма
берді.
AKORDA.KZ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий