НЕГЕ? СЕБЕБІН АЙТАЙЫҚ…

11 Views

Қоқысты өртеу – жеке үй шаруашылықтары мен бақшаларда кең
таралған тәжірибе. Қо қыс ты өртеуден бас тартудың ма ңыз дылығын және
қоқысты қайта өң деудің қандай балама әдістері бар екенін қарастырайық.
Қоқысты өртеу кезінде атмосфераға улы заттар шығарылады. Пластиктер
мен химиялық өңделген материалдарды өртеу кезінде диоксин және фуран
сияқты улы газдар түзіліп, адамның тыныс алу жүйесіне зиян келтіреді және
түрлі ауруларға себеп болуы мүмкін. Бұл заттар ауа ластап, қоршаған орта
мен экожүйеге теріс әсер етеді.
Тағы бір маңызды аспект – өрттің шығу қаупі. Қоқысты дұрыс өртеу
бақылаусыз өрттерге әкеліп соғуы мүмкін. Бұл мүліктің бүлінуіне және адамдардың
өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Әсіресе орман алқаптары немесе құрғақ
шөпті жерлерге жақын жерде қоқысты өртеу қауіпті. Себебі бұл орман
өрттеріне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар топырақ пен суға әсері де елеулі.
Қоқысты өртеу кезінде атмосфераға шығарылған улы заттар топырақ пен су
қоймаларында шөгеді, оларды ластайды. Бұл өсімдіктерге, ауыз су сапасына және
ластанған жердегі өсетін азық­-түлік өнімдеріне теріс әсер етуі мүмкін.
Қоқысты мамандандырылған орта­лықтар мен қабылдау пункттерінде
қайта өңдеу мүмкіндігін де қарастыру қажет. Бұл орындар қалдықтармен

қауіпсіз және экологиялық таза жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, қоршаған
ортаға теріс әсерді азайтады. Сонымен  қатар қазіргі заңнама қалдықтарды
дұрыс қайта өңдеуді талап етеді және  оларды рұқсатсыз өртеуге тыйым
салады. Осы ережелерді сақтау тазалық пен тәртіпті ғана емес, сонымен қатар
экологиялық жағдайды жақсартуға да ықпал етеді.
Қоқысты өртеу – зиянды ғана емес, сонымен қатар ескірген тәжірибе. Қазіргі
қоғамда қалдықтарды басқарудың неғұрлым тұрақты және экологиялық
таза әдістерін қолдану қажет. Қоқысты қайта өңдеуге жауапкершілікпен қарау
адамдардың денсаулығын сақтауға және табиғатты болашақ ұрпақ үшін
қорғауға көмектеседі.
АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ  ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий