КӨПБАЛАЛЫ ЖӘНЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ТЕТІКТЕРІ

24 Views

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі.
Мемлекет отбасы институтын нығайту
барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды жан-жақты
қол дауға ерекше көңіл бөліп келеді.
Бүгінде елімізде көпбалалы және аз
қамтылған отбасылардың әлеуметтік
жағдайын жақсартуға бағытталған түрлі мемлекеттік қолдау тетіктері жүзеге
асырылуда. Отбасын қолдау орталығының заңгері азаматтарға әлеуметтік
құ қықтарын түсіндіріп, мемлекеттік
қол дау шараларын алуға құқықтық
кеңес беріп, сүйемелдеу көрсетеді.
Көпбалалы отбасыларды қолдау
тетіктері:
Қазақстан Республикасының
Әлеуметтік кодексіне сәйкес, көпбалалы
отбасы – бірге тұратын төрт және одан
көп кәмелетке толмаған баласы бар
немесе 23 жасқа дейін жоғары оқу
орнында күндізгі бөлімде білім алатын
балалары бар отбасы.
Негізгі қолдау шаралары:
– көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы (отбасының табысына
қарамастан);
– наградталған аналарға арнайы
мемлекеттік жәрдемақылар;
– тұрғын үй мәселелері бойынша
мемлекеттік бағдарламаларға қатысу
мүмкіндігі;
– жеңілдетілген ипотекалық бағдар-ламалар мен тұрғын үй сертификаттары
арқылы баспана алу мүмкіндіктері бар;
– жеке кәсіпкерлік ісі мен бизнессін
бастауға гранттар қарастырылған;
– мектеп жасындағы балаларды
әлеуметтік қолдау (тегін немесе жеңілдетілген тамақтану, мектеп формасы,
оқу құралдары);
– жергілікті атқарушы органдар
тарапы нан көрсететін әлеуметтік көмек
пен жеңілдіктер.
Аз қамтылған отбасыларды
қолдау тетіктері:
– жан басына шаққандағы орташа
табысы төмен отбасыларға;
– атаулы әлеуметтік көмек (АӘК);
– жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
шара лары;
– жалдамалы пәтер ақысын мемлекет
тарапы нан 50 %-ға субсидиялау;
– мектепке дейінгі жастағы балаларға қосымша төлемдер;

– әлеуметтік бейімдеу және консультациялық қызметтер ұсынылады.
Отбасын қолдау орталығы
заңгері нің негізгі міндеттері:
– азаматтарға заңгерлік құқықтары
бойынша кеңес береді;
– қажетті құжаттарды жинауға және
өтініштерді рәсімдеуге көмектеседі;
– мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
– тұрғын үй, алимент өндіру,
қорғаншылық, әлеуметтік қорғау, еңбек
және отбасы заңнамасы мәселелері
бойынша құқықтық сүйемелдеу көрсетеді;
– азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі
(өтініш, шағым, талап арыз дайындау).
Заңгердің жұмыс алгоритмі:
– отбасының құқықтық және
әлеуметтік мәртебесін анықтау;
– қажетті құжаттарды талдау;
– мемлекеттік қолдау түрлеріне
құқықтың бар-жоғын анықтау;
– өтініштерді дайындауға және
уәкілетті органдарға жолдауға көмек
көрсету;
– қажет болған жағдайда мемлекеттік органдармен, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау
ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
– нәтижесін бақылау және қосымша
құқықтық сүйемелдеу жүргізу;
Жоғарыда көрсетілген
жұмыстарды атқаруға сүйенетін
құқықтық негіздер:
– Қазақстан Республикасының
Әлеуметтік кодексі;
– «Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексі;
– отбасын қолдау орталықтарының
қызметін жүзеге асыру қағидалары;
– балалы отбасыларды әлеуметтік
қолдау жөніндегі өзге де нормативтік
құқықтық актілер.
Н.ҚАЛМАНБЕТОВ, «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Отбасын қолдау орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий