ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЕСКЕРІЛДІТҰРҒЫНДАР ЕСКЕРІЛДІ
Аудан әкімі Ернар Есіркепов елді мекендерді аралау барысында санитарлық ахуалмен танысып қана қоймай, тұрғындармен де кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып келеді. Атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесулердің нәтижелері әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялануда. Жуырда жарияланған ақпараттардың бірінің астына Шөңгер ауылының тұрғындары пікір қалдырып, аудан әкімінен өз көшелеріне келіп, тұрғындармен жүздесуді сұраған болатын. Тұрғындардың бұл өтініші назардан тыс қалған жоқ. Кездесу барысында ауыл азаматтары жаңа көшеге шағалтас жол төсеу туралы өтініш білдірді. Нәтижесінде аудан әкімі бұл ұсынысты қолдап, өз орынбасары мен Құлан ауылының әкіміне тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Жоспарға сәйкес, алдағы бір ай ішінде аталған көшеге шағалтас төселіп, жолдың жүруіне қолайлы жағдай жасалатын болады.
Жәнібек СҰЛТАН.

