6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

28 Views

АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҮЛКЕН МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА
АУДАН ӘКІМІ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН
КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС ӨТТІ.

Күн тәртібінде 2026 жылғы қаңтар – маусым айларындағы ауданның
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен индикаторлық
көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды.
Кеңес барысында аудан әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін
салалары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы
баяндама жасады. Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша
аудан экономикасының барлық негізгі көрсеткіштерінде оң динамика
қалыптасты. Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 11,7 миллиард теңгені
құрап, нақты көлем индексі 110,5 пайыз болды. Негізгі капиталға тартылған
инвестициялар көлемі 8,7 миллиард теңгеге жетіп, жоспар 136,0% пайызға
орындалды. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 11,7 миллиард теңгені құрап,
нақты көлем индексі 112,2 пайыз болды. Тұрғын үй құрылысы бойынша
пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 8 243 шаршы метрді құрап, жоспар
100,8% пайызға орындалды. Бөлшек сауда айналымы 4,4 миллиард теңгеге
жетіп, көрсеткіш 100,3% пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі
2,8 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,8 пайызға жетті.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі Ернар Серікәліұлы жауапты сала
басшыларына индикаторлық көрсеткіштердің және жоспарланған жұмыстарды
уақтылы орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар
өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамаған жауапты тұлғаларға
қатаң ескерту жасап, барлық тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде
орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий