Тазалық түбі – бірлікте!

29 Views

Сенбі күні аудан орталығында тазалыққа
немқұрайлы қарамайтын азаматтар бір мақсатқа
жұмылды. Аудандық орталық мешіт аумағында
ауыл тұрғындарының бастамасымен сенбілік
ұйымдастырылып, мешіт айналасы тазаланды.
Ал Құдайберген Датқа аллеясында аудандық
аурухана ұжымы, жастар, еріктілер және түрлі
сала мамандары бірігіп, абаттандыру жұмыстарын
жүргізді. Бірі күрек ұстап, бірі қоқыс жинап,
енді бірі айналаны ретке келтіріп, туған жердің
тазалығына өз үлестерін қосты.
Таза аудан – тек тазалық қызметінің емес,
баршамыздың ортақ еңбегіміз. Сенбілік соның
тағы бір дәлелі. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығарып жұмыс істеген жұрт бар жерде – тазалық
та, тәртіп те, береке де болатыны анық.

 

*****

Қарақаттағы
жасыл желек аумағы
тазартылды

Аудан аумағында тазалық пен абаттандыру
жұмыстарын жүргізуге бағытталған жалпыаудандық
сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында Қарақат ауылына барар
жолдағы жасыл желек аумағы тазартылып, абаттандыру
жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі, аудандық «Мансап» орталығы, аудан
әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімінің
қызметкерлері,
сондай-ақ, «Құлан-Энерго Жылу»
мекемесінің
қызметкерлері белсене атсалысты.
Тазалық – баршаға ортақ міндет. Барлық аудан
тұрғындарын
қоршаған ортаны таза ұстауға және
ауданымыздың
көркеюіне өз үлестерін қосуға
шақырамыз!
«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий