“Мерейлі отбасы” – ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

29 Views

Өткен
сейсенбіде Мэлс
Өзбеков атындағы
аудандық мәдениет үйінде
«Мерейлі отбасы» ұлттық
конкурсының аудандық
кезеңінің қорытындысына
арналған марапаттау рәсімі
өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары
Бақкелді Тұрсынбек, аудандық ардагерлер
Кеңесінің төрағасы Қожайхан
Бижанов, аудандық аналар кеңесінің
төрайымы Түзел Алагөзова және конкурсқа
қатысқан отбасылар қатысты.
Жиынның басты мақсаты – өнегелі
отбасыларды ұлықтау, ұлттық құндылықтарды
дәріптеу, ата-ана мен бала
арасындағы
сыйластықты нығайту және
берекелі шаңырақтардың тағылымды
өмір жолын көпшілікке үлгі ету.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы»
ұлттық конкурсы елімізде 2013 жылдан
бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Байқау
барысында отбасылардың құжаттары,
еңбек жетістіктері, қоғамдық
өмірге
белсенді араласуы және түрлі
саладағы
нәтижелері сараланды.
Биыл аудандық кезеңге жалпы 9
отбасы құжаттарын ұсынып, бақтарын
сынады. Нәтижесінде 4 отбасы жүлдегер
атанды. Оның ішінде 2 отбасы
облыстық кезеңге жолдама алды.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі І орын Парманқұловтар отбасына, жүлделі ІІ орын
Сәмбетқұловтар отбасына бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынды Жамалбековтар отбасы мен Құралбаевтар әулеті
иеленді. Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Айдана МАҚСҰТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий