АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

27 Views

Күні кеше қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі
ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын
насихаттауға арналған «Абаймен
ашылған әлем» атты әдеби сазды кеш өтті.
Іс-шара барысында Абайдың өмірі мен
шығармашылығы туралы мағлұматтар беріліп,
ақынның өнегелі сөздері мен шығармалары
кеңінен насихатталды. Көрермендер арасында
Абайдың өмірі, шығармашылығы және әдеби
мұрасы бойынша викториналық сұрақтар
қойылып, қатысушылар өз білімдерін ортаға
салды.
Белсенділік танытып, дұрыс жауап берген
көрермендерге естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шараның басты мақсаты – Абай мұрасын
дәріптеу, жас ұрпаққа ақынның шығармаларын
насихаттау және ұлттық әдебиетке деген
қызығушылықты арттыру.
«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий