ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: Саналы таңдау – ортақ жауапкершілік
Қазіргі қоғамда ақпараттың маңы зы ерекше. Бір ғана оқиға туралы
түрлі ақпараттың таралуы азаматтан
деректі саралап, шынайы мәліметті
ажырата білуді талап етеді. Әсіресе
қоғамдық-саяси маңызды кезеңдерде
бұл жауапкершілік арта түседі.
23 тамызда Қазақстан Республикасы
Құрыл тайының депутаттарын сайлау
өтеді. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси
өмірін дегі маңызды оқиғалардың бірі.
Сайлау азаматтың өз таңдауын білдіретін конституциялық құқығы болғанымен, онымен бірге үлкен жауапкершілікте жүктеледі.
Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті – халыққа нақты,
тексерілген әрі сенімді ақпарат жеткізу. «Құлан таңы» газеті де аудан
тұрғындарын қоғамдық маңызы бар
оқиғалардан хабар дар етіп, өзекті
мәселелерді көтеріп келеді. Жалпы
журналист үшін шынайылықпен
жауапкершілік – басты қағидалар.
Әлеуметтік желілердің кең таралуына байланысты жалған және расталмаған ақпараттың жылдам таралу қаупі де бар.
Сондықтан азаматтар кез келген мәліметке сын көзбен қарап, ресми дереккөздерге
сүйенуі керек. Сайлау кезеңінде ақпараттық сауаттылықтың маңызы ерекше.
Саналы таңдау жасау үшін азамат елдегі өзгерістерді түсініп, өз ұстанымын
қалып тастыруы қажет. Сайлауға қатысу – қоғам өміріне араласудың және ел болашағына деген жауапкершіліктің бір көрінісі. Саналы таңдау – ортақ жауапкершілік.
Әр азаматтың таңдауы елдің ертеңіне әсер ететінін түсінгені маңызды.
Нұрлан БЫҚЫБАЕВ,
«Құлан таңы» газетінің бас редакторы.

