МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ: Сәмбетқұловтар өз таңдауларын жасадыСәмбетқұловтар жасады

9 Views

Жуырда ғана өткен «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан Сәмбетқұловтар әулеті – білімді, еңбекқор, ұйымшыл әрі елдік іске белсене араласатын өнегелі отбасы. Отағасы Азамат Сәмбетқұлов – мектепте математика-физика пәндерінің мұғалімі әрі кәсіпкер. 2008 жылдан бері ауыл мектебінде ұстаздық етсе, 2013 жылдан бері «Ақниет» шағын маркетін басқарып, 7 адамды жұмыспен қамтыса, жеңіл көліктерге арналған тіркеме шығаратын өндіріс орнында 15 адамға тұрақты жұмыс ұсынып отыр. Ұста әрі ұстаз Азамат – қоғамдық жұмыстардың да белсенді ұйымдастырушысы.
Ал отанасы Гүлнар Сәмбетқұлова – «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. педагог-шебер, математика пәнінің мұғалімі, 2008 жылдан бері ауыл мектебінде еңбек етіп келеді. Шәкірттері республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетуде.
Кейіпкерлеріміз құрған шағын мемлекетте екі ұл, екі қыз тәрбиеленіп келеді. Құрылтай сайлауына өнегелі отбасы мүшелерінің барлығы бірге келіп, қатысты.

Иә, Сәмбетқұловтар отбасында білім мен еңбекке, ұлттық құндылықтар мен елжандылыққа ерекше мән берілетіні айтпаса да түсінікті.
Құрылтай сайлауына қатысуы – Сәмбетқұловтар отбасының ел болашағына деген жауапкершілігін, азаматтық белсенділігі мен қоғамдық ұстанымын айқын көрсетеді. Біздіңше бұл – жас ұрпаққа берер тәрбиенің де жарқын үлгісі.
Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий