Сот жүргізуші куәлігін және жұмыс істеу мүмкіндігін сақтап қалды

19 Views

Тұрар Рысқұлов ауданының соты
жеке сот орындаушысының борышкердің
жүргізуші куәлігін қолданылуын
уақытша тоқтата тұру туралы ұсынысын
қарады.
ЖСО сотқа борышкердің атқарушылық
іс жүргізу бойынша міндеттемелерін
орындамауына байланысты ұсыныспен
жүгінді. Борышкердің банк алдындағы
қарызы 11,9 миллион теңгені құрайды.
Сотта азамат жүргізуші куәлігін тоқтатуға
қарсылық білдірді. Ол  2017 жылдың маусым айынан бастап
ЖШС-те жүргізуші болып жұмыс  бөліістейтінін,
ал көлік құралын басқару мүмкіндігінен айырылу жұмысынан
айырылып, қарызын өтеу мүмкіндігіне әкеп соғатынын түсіндірді.
Сот атқарушылық іс жүргізу материалдары
мен ұсынылған құжаттарды зерттеп, жүргізуші куәлігі борышкерге
өзінің еңбек міндеттерін орындау үшін қажет екенін, ал жүргізуші
ретінде  жұмыс істеу оның жалғыз табыс көзі болып табылатынын анықтады.
Сот борышкерге қатысты мұндай
шараны қолдану негізделген және істің
нақты мән-жайларын ескеруі керек деп атап өтті.

Сот ұйғарымымен ЖСО ұсынысын қанағаттандырудан бас тартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий