Аудандық сотта семинар өтті

16 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының 2026 жылғы 20 мамырдағы №5 «Қылмыстық-процестік
кодекстің 106-бабын қолданудың кейбір мәселелері туралы»
нормативтік қаулысының ережелерін түсіндіруге арналған және «Қазақстан
Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша істерді қарау кезінде ӘҚБтК-нің 62-бабы талаптарының сақталуы  мәселелері» тақырыптарында семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың судьялары С.Узбеков, Қ.Қамбарбек, аудан
п р о к у р а т у р а с ы н ы ң  п р о к у р о р ы Қ.Қалдыбек, аудандық полиция
бөлімінің өкілдері С.Ажиров, Н.Құдайберген, З.Орынбасар, С.Рашидов және
адвокаттар Д.Ногайбаева, Н.Аликулова қатысты.
Судья С.Узбеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің
106-бабын сот тәжірибесінде біркелкі қолдануды қамтамасыз ету,
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың
тиімділігін арттыру және сот практикасын қалыптастыруда Жоғарғы
Соттың нормативтік қаулысының маңызын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ,
судья Қ.Қамбарбек ӘҚБтК-нің 608- бабы бойынша істерді заңда белгіленген
мерзімдерде сапалы әрі уақтылы қараудың маңыздылығы, әкімшілік
жауаптылыққа тартудың заңда белгіленген
мерзімдерін сақтау, сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 62-бабының қолдануға
байланысты туындайтын өзекті мәселелерді атап өтті.
ҚПК-нің 106-бабы бойынша құқық қорғау
органдарының әрекеттеріне шағымдарды
беру және қарау рәсіміне ерекше назар аударылды. Кездесуге
қатысушылар тәжірибеден алынған мысалдарды талқылады және кәсіби
заңдық тұрғыдан жауаптар алған өзекті сұрақтар қойды.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ. 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий