Түнгі тыныштықты бұзғандарға қандай жаза бар?

26 Views

Тыныштықты бұзған азаматтарға ескерту жасалады
немесе айыппұл салынады. Түнде қатты музыка қою, жөндеу
жұмыстарын жүргізу немесе айғайлап, көршілердің мазасын
алу – заң бойынша жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Қазақстанда азаматтардың тыныштығын
бұзуға қатысты талаптар Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексте нақты көрсетілген. Атап айтқанда, түнгі уақытта
шу шығарып, тұрғындардың тыныштығын бұзғандарға
айыппұл қарастырылған.

Тыныштықты қай уақытта бұзуға болмайды?
Елімізде тұрғын үйлерде:
– жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін;
– демалыс және мереке күндері 23:00-ден 10:00-
ге дейін тыныштық сақталуы тиіс.
Бұл уақытта:
– қатты музыка қоюға;
– жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

– айғайлап, шулауға;
– дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға
болмайды.
Қандай жаза қарастырылған?
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына
сәйкес, тыныштықты бұзған азаматтарға ескерту жасалады немесе айыппұл салынады.
«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий