КӨКДӨНЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР АЛПЕИСОВ АСҚАР ЖАҚЫПБЕКҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

22 Views

Алпеисов Асқар Жақыпбекұлы 1990 жылдың 11
қазанында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,
Луговой ауылында дүниеге келген. 2012 жылы
шет тілдер және іскерлік карьера университетін
«Журналистика» мамандығы бойынша, 2015
жылы Шымкент университетін «Экономика»
мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын
2013 жылы Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы»
газеті редакциясында журналист болып бастаған.
2013-2014 жылдары аралығында Т.Рысқұлов
аудандық «Құлан таңы» газеті редакциясында
тілші-менеджер, 2014-2015 жылдары аралығында
Луговой ауылдық мәдениет үйінің киномеханигі,
2015-2017 жылдары аралығында Алматы қаласы
бойынша «Мамандандырылған ХҚКО» бөлімінің
инспекторы болып еңбек еткен.
2017-2018 жылдары Қостанай облысы,
Златоуст ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы, 2018-2021 жылдары аралығында
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің бас
маманы, аудан әкімдігі бюджеттік жоспарлау
және экономика бөлімінің сектор меңгерушісі,
2022-2023 жылдары аудан әкімдігі жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бас маманы, сектор меңгерушісі болып қызмет
атқарған. 2023-2024 жылдары Т.Рысқұлов
ауданы әкімі аппаратының аймақтық бақылау
және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы
бөлімшесінің бас инспекторы, 2024-2025
жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының
құжаттама және бақылау бөлімшесінің бас
инспекторы, 2025-2026 жылдары Т.Рысқұлов
ауданы әкімі аппаратының аймақтық бақылау
және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы
бөлімшесінің бас инспекторы болып, абыроймен
жұмыс жасады. 2026 жылдың маусым айынан
бүгінгі күнге дейін Луговой ауылдық округі
әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді
Отбасылы. Аяулы жары екеуі 3 бала тәрбиелеп
өсіріп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Егер мен сіздердің
сенімдеріңізге ие болып, Көкдөнен ауылдық
округінін әкімі болып сайлансам, алдағы 4 жылда
төмендегі мәселелерді шешу үшін өзімдегі бар
біліміммен күш жігерімді жұмсаймын деп айта
аламын.
1. Ауыл тұрғындарының, жастардың спортпен
шұғылдануына, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
2. Ауыл жастарын мамандығына сай жұмысқа
орналасуына  ықпал ету. Техникалық және өндіріс саласы бойынша мамандығы бар ауыл жастарын ауданымыздағы іргелі кәсіпорындарға жұмысқа
орналастыруға көмектесу.
3. Ауылдағы көше тазалығын қалыпты ұстау,
ауылды көріктендіру және көгеріштендіру және
ауыл көшелерін жарықтандыру мен жолдарына
тұрақты күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын
жүргізіп отыру.
5. Ауылдық жердегі кәсіпкерліктің дамуына
ықпал ету. Ол үшін ауылдағы шағын және орта
бизнестің барынша дамуы үшін мемлекеттік
бағдарламаларға сәйкес, ауыл тұрғындарының
төменгі пайызбен несие алуына, қайтарымсыз
грант қаражаттарына қол жеткізуіне қолымнан
келгенше көмектесемін.
6. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды,
көп балалы аналарды және осал топтарға
жататын азаматтарды қолдауға арналған шаралардың
іске асуын қолға аламын.
7. Әрбір маңызды мәселені тұрғындармен
талқылау.
8. Тұрғындармен тұрақты кездесулер мен
қоғамдық қабылдаулар өткізу.
9. Ауылдың өзекті мәселелері бойынша нақты
іс-шаралар жоспарын қалыптастыру.
Басты мақсатым – тұрғындардың өмір сүру
сапасын арттыру, ауылдың экономикалық әлеуетін
дамыту және заманауи, таза әрі қауіпсіз елді мекен
қалыптастыру.
Сіздерді 13 қыркүйекте өтетін ауылдық округ
әкімі сайлауына белсене атсалысуға шақырамын.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий