ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: «ДЕНДРО» САЯБАҚТА СЕНБІЛІК ӨТТІ

13 Views

Өткен сенбіде ауданда күзгі санитарлық
тазалықтың екі айлығының басталуына
орай және Мемлекет басшысының «Таза
Қазақстан» акциясын жүзеге асыру
мақсатында «Дендро» саябақ аумағында
ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Шараға аудан басшысы Ернар Есіркепов те
қатысып, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.
Аудан басшысы тұрғындарды қоршаған ортаны
таза ұстауға және абаттандыру жұмыстарына
белсенді қатысуға шақырды.
Сенбілік барысында аумақтағы қураған талдар
бұталып, жасыл желектердің түбі әктелді. Сонымен
қатар саябақ аумағындағы қураған жапырақтар
мен тұрмыстық қалдықтар жиналып, белгіленген
орындарға шығарылды. Аталған жұмыстардың
негізгі мақсаты – аудан аумағының санитарлық
жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын
қамтамасыз ету және тұрғындар арасында
экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Күзгі санитарлық тазалық жұмыстары алдағы
уақытта да аудан аумағында жалғасын табады.
Сондықтан барша аудан тұрғындарын туған
жеріміздің көркеюіне үлес қосып, сенбіліктерге
белсенді қатысуға шақырамыз.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий