Бір биік боп қаларыма сенем, бек…
7 ViewsАУЫЛДА ТҰРЫП, ҚАРАПАЙЫМ ҒҰМЫР КЕШКЕН, ӨЗІ ЖАЗҒАН ӨЛЕҢДЕРІ АРҚЫЛЫ МҰҚЫМ ҚАЗАҚҚА ЕСІМІ ЕЛЕУЛІ БОЛҒАН АҚЫН ҚУАНДЫҚ ШОЛАҚ ӨМІРДЕН ӨТСЕ ДЕ, ОНЫҢ ЛИРИКАҒА ТОЛЫ СЫРШЫЛ…
Күз келісімен табиғат аясында аңшы-лықпен айналысатын азамат тардың да
маусымы басталады. Алайда аңшылық –
тек демалыс пен әуестік емес. Сонымен
қатар үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Сондықтан әрбір аңшы белгіленген
мерзімдерді, рұқсат талаптарын және
қауіп сіздік ережелерін қатаң сақ тауы
тиіс. Сонымен қатар аңшылық шаруа-шылығының жолдамасында көрсе-тілмеген жануарларды аулауға, бел-гіленген мөлшерден артық олжа алуға
және рұқсатсыз аңшылық жасауға жол
берілмейді. Мұндай талаптарды бұзу
заң бойынша жауапкершілікке әкеп
соғады. Жануарлар дүниесін қор ғау
– баршаға ортақ міндет. Заңсыз аңшылық пен браконьерлік табиғи тепетеңдікке кері әсер етіп, аң-құстардың санын азайтады. Сондықтан табиғат
пайдаланушылар тек белгіленген мерзімде және тиісті рұқсатпен ғана аң
аулауы қажет. Мамандар аңшыларды
табиғат байлығына ұқыпты қарап,
аңшы лық қағидаларын сақтауға шақы-рады. Әрбір аңшының заң талап тарын
орындауы – жануарлар дүниесін
сақтаудың және келер ұрпаққа табиғи
байлықты жеткізудің маңызды кепілі.
Есте сақтайық: заңды аңшылық –
табиғатты қорғаудың бір бөлігі. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, белгіленген тәртіпті сақтайық.
«Ақыртөбе ормандар
ж ә н е ж а н у а р л а р
дүниесін қорғау жөніндегі
мекемесі» КММ-сі.