Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу қажет?

10 Views

ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ
21-БАБЫНА СӘЙКЕС,
ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ
СҰҒЫЛМАУ ҚҰҚЫҒЫНА,
ЖЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ
ҚҰПИЯСЫНЫҢ БОЛУ
ҚҰҚЫҒЫНА, ЦИФРЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫ ҚОСА
АЛҒАНДА, ДЕРБЕС
ДЕРЕКТЕРДІ ЗАҢСЫЗ
ЖИНАУДАН, ӨҢДЕУДЕН,
САҚТАУДАН ЖӘНЕ
ПАЙДАЛАНУДАН ҚОРҒАУ
ҚҰҚЫҒЫНА ЗАҢМЕН
КЕПІЛДІК БЕРІЛЕДІ.

Сонымен қатар банк операцияларының, жеке салымдар мен
жинақ тар дың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабар-ламаларының және байланыс
құрал дары, оның ішінде цифрлық  технологияларды қолдану арқылы бері-летін өзге де хабарламалардың құпиясы
заңмен қорғалады. Бұл құқықты шек-теуге заңда белгіленген жағдайда және
көз делген тәртіппен ғана жол беріледі.
Мемлекеттік органдар, қоғамдық
бiрлестiктер, лауазымды адамдар және
бұқаралық ақпарат құралдары әр адамға
өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты
құжатпен, шешiммен және ақпарат
көзiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз
етуге мiндеттi.
Аталған толықтырулардың Консти-туцияға енгізілуінің себептерінің бірі
– адам мен азаматтапдың құқықтарын
қорғауға бағытталған.
Өйткені бүгінгі күні қоғамымыздағы
цифрлы технология дамығын уақытта,
Қазақстанда алаяқтық, әсіресе интернет
алаяқтық деректері, өкінішке қарай,
жыл сайын артып келеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыс-тық кодексінің 190-бабында алаяқтық
үшін қылмыстық жауапкершілік
көзделген. Ол дегеніміз алдау немесе
сенімді теріс пайдалану жолымен
бөтеннің мүлкін жымқыру немесе
бөтеннің мүлкіне құқықтар алудың
бір түрі. Осы Кодекстің 190-бабы
екінші бөлігінің төртінші тармағында
интернет-алаяқтық үшін де қылмыстық
жауапкершілік қарастырылған.
Бұқаралық ақпарат құрал дарын-дағы деректерге сәйкес соңғы жыл-дары елімізде 27 мыңнан астам ин-тер нет алаяқтық деректері тір ке ліп,
қылмыскерлер Қазақстан азамат-тарының миллардтаған теңге қара жат-тарын жымқырған. Оның құрбандары
– қарапайым адамдар.
Осы қылмыстардың ішінде ең көп
таралғаны – ол азаматтардың жеке
деректерін заңсыз пайдалану болып табылады.
Екінші, қызметтер және тауарларды
онлайн-сатып алу кезінде алдау дерек-тері көптеп тіркелген.
Үшінші кезекте, онлайн-қарыз ресімдеуге ниет білдірген және алданған

қазақстандықтар құқық қорғау орган-дарына жиі жүгінеді.
Алаяқтар өздерін банк қызметкері,
полиция немесе басқа мекеме өкілі
ретінде таныстырып, сіздің жеке
мәліметтеріңізді пайдалану арқылы
алаяқтық жасауға тырысады.
Осы алаяқтардың құрбаны
болмау үшін не істеу қажет?
Ең алдымен Интернет желісін
қолданып кез-келген сауда жасау
бары сында, пәтер жалдауда, тауар
сатуда немесе сатып алуда, интер нет-тегі жарнама бойынша ақша несиесін
рәсімдеуде сақтық шараларын қол-даныңыз және Интернет қылмыс-керлердің құрбаны болмас үшін келесі
қауіп сіздік шараларын сақтау керек:
– паспорттық және өзге де дер-бес деректермен бөліспеңіз, банк
карта ларының нөмірлерін, пин-кодты,
сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен
SMS парольдерді, тіпті егер сізге банк
қызметкерлері ретінде таныстырған
болса да бермеу қажет;
– тауарды сатып алу (сату) кезінде
алдын ала төлеуге келіспеу;
– белгісіз адамдарға ақша аудармау;
– банк қосымшалары арқылы шот-тағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін
болатын транзакциялар мөлшерін шек-теу;
– өз құжаттарыңызға бөгде адам-дарға қол жеткізуді шектеу (жеке
куә лік, банк картасы), құжаттардың
фото суреттерін ешкімге жолдамау.
Көрсе тілген мәліметтер алаяқтарға
белгілі болған жағдайда, оларға ал-дағы уақытта микрокредиттік қаржы
ұйымдарында немесе банктерде олар-дың атынан несиелерді оңай рәсімдеуге
мүмкіндік береді;
– егер сізге банктің қауіпсіздік
қызметінен қоңырау шалса, банк
қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыз
туралы ақпарат сұрамайтынын, сондай-ақ, ұялы телефонға келетін кодтарды
беруді қажет етпейтінін ұмытпау керек.
Сондай-ақ, алаяқтар мобильді қосымшаларды абоненттік нөмірді
өзгерту үшін, арам пиғылда «банктің
Call орталығынан» қоңырау шалу үшін
пайдаланады. Мұндай уақытта сізге
телефон тұтқасын қойып, карточкада
немесе банктің сайтында көрсетілген
сенімді нөмірге қоңырау шалу керек.
Интернет желілеріндегі алаяқтықтың
бір ерекшелігі қылмыскерлер тек
Қазақстан Республикасында ғана
емес, оның аумағынан тыс жерлерде
де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл
түрі Халықаралық сипатта болады.
Аталған қылмыстарды ашу ерекше
қиындық туғызады.
Азаматтардың интернет-алаяқтық
туралы әрбір өтініші байланысты
Қылмыстық Кодекстің 190-бабы екінші
бөлігінің төртінші тармағы бойынша
сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі, қазіргі
уақытта полиция органдарында осы
қылмыстарды ашу үшін белгілі бір
сот-тергеу практикасы, оларды тергеу

әдістемесі нақты әзірленген.
Сонымен қатар интернет алаяқ-тықтың алдын алу бойынша облыс тұр-ғын дары арасында профилактикалық
жұмыстарда жүргізілуде.
2024 жылы облыс прокурорының
нұсқауымен прокуратура және полиция
қызметкерлерінен ведомствоаралық
топ құрылып, алаяқтық, оның ішінде
интернет алаяқтық пен қаржылық
(инвестициялық) пирамидаларға қарсы
күрес туралы ақпараттық түсіндіру
жұмыстары жүргізілуде.
Облыс аумағында құқық қорғау
органдарымен аталған бағыттағы
профилактикалық жұмыстар жалғасу
үстінде.

  Еркін ҚУАНЫШЕВ,
ҚР адам құқықтары
жөніндегі
уәкілдің Жамбыл
облысы
бойынша өкілі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий