ОТБАСЫ – қоғамның берік негізі
16 ViewsОтбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Отбасындағы өзара түсіністік, сыйластық пен жауапкершілік қоғамның тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осы бағытта аудан әкімдігінің «Отбасын…
ПРЕЗИДЕНТ, ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ДЕРБЕС МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ
АППАРАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕҢЕСІН ӨТКІЗДІ.
Мемлекет басшысы аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау
үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажет екенін
атап өтті. Әлемдік ахуал жедел құбылып жатқан
кезеңде Қауіпсіздік Кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жанжақты сараланған
шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуға
тиіс.
ҚасымЖомарт Тоқаев қазіргі сынқатерлердің сипаты едәуір өзгергеніне назар аударды.
Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге
және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән
берілді. Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы алдағы
уақытта өзектілігі арта түсетін ақпарат, технология, азықтүлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды. Президент
аталған салалардағы басымдықтарды белгілеп, «Заң мен тәртіп» қағидатын негізгі бағдар
ретінде атады.
Кеңес қорытындысы бойынша аппаратқа
бірқатар нақты міндеттер жүктелді. Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын қорғау Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының
тиімділігін айқындайтын басты өлшем болуға
тиіс.
AKORDA.KZ.