ОТБАСЫ – қоғамның берік негізі
27 ViewsОтбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Отбасындағы өзара түсіністік, сыйластық пен жауапкершілік қоғамның тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осы бағытта аудан әкімдігінің «Отбасын…
Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет алдындағы үлкен
жауапкершілік. Қызметтік міндетті адал атқару, заң талаптарын
бұлжытпай орындау, азаматтардың өтінішіне бей-жай қарамау –
мемлекеттік қызметшінің кәсіби білімімен қатар адамгершілік ұстанымын
да айқындайтын басты өлшемдер. Ал әңгіме бала құқығы мен оның
қауіпсіздігі туралы болғанда жауапкершіліктің жүгі одан сайын арта
түседі. Себебі бала өз құқығын әрдайым өзі қорғай алмайды. Оның
қауіпсіздігі мен заңды мүддесін қорғау – мемлекет пен қоғамның ортақ
міндеті.
Елімізде баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық
тетік қалыптасқан. Баланың өмір сүруге, білім алуға, денсаулығын сақтауға,
қауіпсіз ортада тәрбиеленуге, өз пікірін еркін білдіруге және қадірқасиетінің
қорғалуына құқығы заңмен қамтамасыз етіледі. Алайда кез келген құқықтың нақты
өмірде жүзеге асуы тек заңның болуына емес, сол заң талаптарын орындауға
жауапты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың кәсібилігіне,
адалдығына және азамат алдындағы жауапкершілігіне де байланысты.
Бұл ретте бала құқығын қорғауды тек белгілі бір мекеменің міндеті деп қарауға
болмайды. Баланың мәселесі көбіне білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қорғау, полиция, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының құзыретімен
қатар жүреді. Сондықтан мұндай жағдайларда әр мемлекеттік орган өз міндетін
жеке орындап қана қоймай, ортақ нәтижеге жұмыс істеуі қажет. Негізгі мақсат
– мәселені бір мекемеден екіншісіне жолдаумен шектелмей, баланың қауіпсіздігі
мен мүддесін қамтамасыз ететін нақты шешімге қол жеткізу.
Мемлекеттік қызметшінің адалдығы да осындай сәттерде сыналады. Біле білсек,
адалдық тек сыбайлас жемқорлықтан бойды аулақ ұстаумен шектелмейді. Ол әрбір
өтінішке әділ қараудан, мәселені жасырып қалмаудан, жауапкершілікті басқаға
ысыра салмаудан, қабылданған шешімнің салдарын түсінуден көрінеді. Әсіресе
балаға қатысты зорлықзомбылық, буллинг, отбасындағы қолайсыз жағдай немесе
оның заңды мүддесінің бұзылғаны туралы ақпарат түскенде мәселеге атүсті қарау
үлкен қателік болмақ. Өйткені әр өтініштің ар жағында нақты баланың, адамның
тағдыры тұр.
Баланың қауіпсіздігі, арнамысы мен қадірқасиеті, білім алуы, денсаулығы
және өз пікірін білдіру мүмкіндігі – адам құқықтарының ажырамас бөлігі. Демек,
баланың құқығын қорғау дегеніміз – оның бүгінгі қауіпсіздігін ғана қамтамасыз
ету емес, толыққанды тұлға болып қалыптасуына қажетті жағдай жасау деген сөз.
Жаңа Конституцияда да адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалған. Бұл қағида мемлекеттік
институттардың күнделікті қызметінен нақты көрініс табуға тиіс. Яғни
конституциялық нормалар тек құқықтық құжаттағы тұжырым болып қалмай,
азаматтың мемлекеттік органға жүгінген кезінде, медициналық көмек алған
сәтінде, білім беру жүйесімен байланысында немесе сот арқылы өз құқығын
қорғауға ұмтылған кезінде сезілуі керек.
Бала мәселесінде бұл талаптың маңызы тіпті жоғары. Өйткені бала мемлекеттік
жүйемен өз бетінше толыққанды байланыс орната алмайтын жағдайлар жиі
кездеседі. Сондықтан оның атынан сөйлейтін, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
және заңды мүддесін қорғайтын ересектер мен мемлекеттік институттардың
жауапкершілігі артады.
Қазіргі кезде бала құқығына төнетін қауіптердің сипаты да өзгеріп келеді.
Бұрын қауіпсіздік мәселесі көбіне мектептегі немесе отбасындағы жағдаймен
байланысты қаралса, бүгінде цифрлық ортадағы қатерлер де бейқам жүруге
болмайтынын ескерте бастады. Кибербуллинг, дербес деректердің таралуы, онлайн
қысым көрсету, кемсіту және өзге де цифрлық қауіптер балалардың психологиялық
ахуалы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.
Мұндайда мемлекеттік қызметшінің кәсіби білімі мен адамға деген
жауапкершілігі қатар жүреді. Кей жағдайда бір ғана өтініштің артында жүйелі
мәселе тұруы мүмкін. Мәселен баланың мектептегі қауіпсіздігіне қатысты шағым
оның жеке мәселесі болып көрінгенімен, оны қарау барысында басқа балаларға да
қатысты тәуекелдер анықталуы ықтимал. Мұндай жағдайда мемлекеттік органның
міндеті – бір өтінішке жауап беріп қана қоймай, мәселенің себебін анықтап, оның
қайталануына жол бермеу.
Балаларға қатысты шешім қабылдағанда олардың мүддесі бірінші кезекте
ескерілуі керек. Сонымен бірге баланың жеке өміріне қатысты мәліметтердің
құпиялылығын сақтау, оның абыройы мен қадірқасиетін қорғау да мемлекеттік
қызметшінің кәсіби этикасының маңызды бөлігі. Қандай да бір оқиғаға
байланысты баланың атыжөнін немесе жеке жағдайын орынсыз жариялау оның
құқығына екінші рет зиян келтіруі мүмкін.
Атааналармен және қоғаммен ашық әрі түсінікті байланыс орнату да маңызды.
Азамат мемлекеттік органға өтініш жасаған кезде оның мәселесі қаралғанын ғана
емес, қандай шешім қабылданғанын және оның не себепті қабылданғанын түсінуі
керек. Мұндай ашықтық мемлекеттік институттарға деген сенімді күшейтеді.
Бала құқығын қорғауда қоғамның да рөлі ерекше. Мұғалім, дәрігер, полиция
қызметкері, әлеуметтік қызметкер, мемлекеттік орган маманы немесе кез келген
азамат баланың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайды байқаса, оған бейжай
қарамауы тиіс. Кейде дер кезінде айтылған бірауыз сөз немесе тиісті органға
уақытында берілген ақпарат үлкен мәселенің алдын алады.
Мемлекеттік қызметшінің күнделікті жұмысындағы әрбір құжаттың, өтініштің
және шешімнің артында адам тағдыры тұрғанын ұмытпау қажет. Ал балаға
қатысты мәселенің жауапкершілігі одан да жоғары. Өйткені бүгін қорғалған
баланың құқығы – ертең қалыптасатын азаматтың тағдыры.
Адал мемлекеттік қызметші заңды орындаумен ғана шектелмейді. Ол
әділетсіздікке бейжай қарамайды, мәселенің мәніне үңіледі, баланың үнін естуге
тырысады және оның заңды мүддесін қорғауға күш салады. Сондықтан бала
құқығын қорғау – белгілі бір мекеменің ғана міндеті емес, мемлекеттік қызметтің
адамға бағытталғанын көрсететін маңызды өлшем.
Балаға жасалған қамқорлықтың нәтижесі бір күнде көрінбеуі мүмкін. Бірақ
оның қауіпсіздігіне, біліміне, денсаулығына және құқықтарының сақталуына бүгін
жасалған әрбір қадам қоғамның ертеңіне тікелей әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда,
бала құқығын қорғау – заң талабы ғана емес, мемлекет пен қоғамның болашақ
алдындағы ортақ жауапкершілігі.
Эльмира МЫРЗА-ҒАЛИ,
облыс әкімдігі балалардың құқықтарын
қорғау басқармасының басшысы.