МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ СОТҚА ЖҮГІНУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ ТӨЛЕУДЕН БОСАТЫЛУЫ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ

24 Views

Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің өз құқықтары мен
бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді. Осы конституциялық
кепілдікті іске асыруда азаматтардың
сот төрелігіне қол жетімділігі ерекше
маңызға ие.
2024 жылғы 26 шілдеде «Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы
Кодексінің (Салық кодексі) 616­
бабы 1­тармағы 13­тармақшасының
Қазақстан Республикасының Консти туциясына сәйкестігін қарау туралы
Конституциялық соттың №50­НҚ нормативтік қаулысы қабылданды.
Қаулыдағы нормалар 2025 жылғы 18
шілдеде жаңа қабылданған Қазақстан
Республикасының салық кодексінің
668­бабы 1­бөлігінің 13­тармақшасын
қолдану кезінде де ескеріледі.
Аталған нормативтік қаулының
талаптарына сәйкес, мүгедектігі бар
адамнан сотқа жүгінгені үшін мемлекеттік баж өндіріп алу туралы заң нормасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес келмейді деп танылды. Енді мүгедектігі бар адамдар
сотқа жүгінгені үшін мемлекеттік баж
төлеуге міндетті емес екені анық көрсетілді.
Өз кезегінде Конституциялық соттың нормативтік қаулылары Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында
жалпыға бірдей міндетті болып табылады.
Айбек ӘУЕЗБЕКОВ,
аудандық
прокуратураның
аға прокуроры.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий