ОТБАСЫ – қоғамның берік негізі
27 ViewsОтбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Отбасындағы өзара түсіністік, сыйластық пен жауапкершілік қоғамның тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осы бағытта аудан әкімдігінің «Отбасын…
Жамбыл облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен
мамандандырылған ХҚКО-ларында 2026 жылдың 8 айында «Жеке менеджер»
сервисін 2 410 адам пайдаланды. Салыстырмалы түрде 2025 жылдың сәйкес
кезеңінде аталған сервисті 941 адам пайдаланған. Осылайша сервиске
жүгінушілер саны 2,5 еседен астам өскен. Бұл азаматтардың мемлекеттік
қызметтерді алу кезінде жеке көмек көрсетуге деген қызығушылығының артып
отырғанын көрсетеді.
«Жеке менеджер» сервисі өңірдегі барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, соның ішінде мамандандырылған ХҚКОда
қолжетімді. Сервис азаматтарға уақытты үнемдеп, мемлекеттік қызметті жеке
қызмет көрсету тәртібімен алуға мүмкіндік береді.
Сервисті пайдалану үшін ХҚКО дағы тіркеу орнына жүгініп, келісімшарт
жасап, қызмет ақысын төлеу жеткілікті.
Осыдан кейін жеке менеджер қызмет
алу процесінің барлық кезеңінде
жеке көмек көрсетеді: өтінішті рәсімдеуге көмектесіп, кеңес береді және
басымдықпен қызмет көрсетуді
қамтамасыз етеді. Қызмет құны халыққа
қызмет көрсету орталықтарында – 5 697 теңге, мамандандырылған ХҚКОларда
– 6 306 теңге.
Айта кетейік, әртүрлі себептермен
ХҚКОға өздігінен келе алмайтын
азаматтар үшін ақылы негізде жеке
менеджердің үйге барып қызмет көрсету
мүмкіндігі де қарастырылған. Мұндай
формат азаматтарға қажетті мемлекеттік
қызметтерді өздеріне ыңғайлы жерде
алуға мүмкіндік береді.
««Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ
АҚ Жамбыл облысы бойынша
филиалы Халыққа қызмет
көрсету бойынша Тұрар Рысқұлов
аудандық бөлімі