ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЖЕГІ ҚҰРТ

28 Views

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның
тұрақты дамуына кедергі келтіретін
өзекті мәселе. Оған қарсы күрес тек
мемлекеттік органдардың емес, барша
азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан
құқықтық сауаттылықты арттыру,
парасаттылық мәдениетін қалыптастыру
және сыбайлас жемқорлықтың алдын
алу бағытындағы жұмыстарды күшейту
маңызды.
Бұл бағыттағы жұмыстар «Халық
үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен тығыз байланысты. Азаматтардың өтініштеріне уақтылы әрі әділ
жауап беру, мемлекеттік органдар
қызметінің ашықтығын қамтамасыз
ету, қоғамдық бақылауды дамыту және
халықпен тұрақты байланыс орнату –
сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың
тиімді тетіктері.
Азаматтық қоғамның белсенділігі де
осы үдерістің маңызды бөлігі. «Ұлттық
сараптама орталығының» мамандары
халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз
ету, судың сапасын бақылау және
санитариялық­эпидемиологиялық
жағдайды жақсарту бағыттарында өз үлестерін қосып келеді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын
алуда әр азаматтың құқықтық сауаты
мен азаматтық жауапкершілігі маңызды.
Өз құқығы мен міндетін жақсы білетін,
заң талаптарын құрметтейтін қоғамда
жемқорлыққа қарсы иммунитет те
қалыптасады. Бұл ретте мемлекеттік
қызметшілердің әдеп нормаларын
сақтауы, қызметтік міндеттерін адал
атқаруы және шешім қабылдау кезінде
заңдылық пен әділдікті басшылыққа
алуы ерекше мәнге ие.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру – бір күндік
жұмыс емес. Ол отбасы тәрбиесінен
басталып, білім беру ұйымдары
мен еңбек ұжымдарында жалғасып,
қоғамның барлық саласын қамтуы
қажет. Жастарға адал еңбек пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, заңға
құрметпен қарауға тәрбиелеу – келешек
ұрпақтың жарқын болашағы үшін
жасалған маңызды қадам.
Әділетті әрі ашық қоғам құру әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады. Заңды құрметтеу, адал еңбек ету және парасаттылық қағидаттарын
ұстану арқылы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз
үлесімізді қоса аламыз.
Ж.ИМАНБЕКОВ,
аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы.
Л.ДЖАКИЯЕВА,
ҚР ДСМ санитариялықэпидемиологиялық бақылау
комитетінің «Ұлттық сараптама
орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл
облысы бойынша филиалының
аудандық бөлімшесінің зертхана
меңгерушісі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий