Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
15 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
РЕДАКЦИЯДАН: Дәл осындай тақырыппен 2020 жылы аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бижанов
Қожайхан Қазыбайұлының құрастыруымен мақал-мәтел мен ғибратты сөздер топтастырылған кітап жарық
көрген болатын. 276 беттік бұл кітапта қойын дәптерге түртіп аларлық ұлағатты сөздер жетерлік. Газеттің
шығармашылық ұжымы Халықаралық қарттар күніне орай, Қожайхан Қазыбайұлы құрастырып шығарған осы
кітаптан үзінділер беруді жөн көрді. Оны газетіміздің осы нөмірінен оқи аласыздар.
Атадан қалған сыл сөз
Арзан не, қымбат не. Дауасыз не? Арзан – өтірік,
қымбат – шындық, дауасыз – кәрілік.
* * *
Дандайсу, мардымсу, асқақтау, Құдайын ұмытып,
пендешілікке салыну да адамға бақыт әкелмейді, азап
тозаққа душар етеді.
* * *
Өнер алды – қызыл тіл.
* * *
Қыстырып қаласаң отын жанар, қисындырып айтсаң
халық нанар.
* * *
Келін – деген киелі сөз. Келін келмей бір кереге
керілмейді, бір шаңырақ көтерілмейді, бір босаға
тұрғызылмайды. Келінсіз жаңадан бір ақ отау
тігілмейді. Демек келін дегеніміз – өмірдің, ұрпақтың,
ұлыстың, ұлттың жалғасы. Бір отбасына келін болу
бар, ағайынға келін болу бар, ұлысқа, ұлтқа келін болу
бар. Тіпті бір отбасына келін болуды келістіре алмай,
келсап болып жүрген келіндер де бар. Келін деген сөз
біреу болғанымен, олардың ара салмағы, айырмасы
жер мен көктей.
* * *
Ата-ене: келінді өз балаңыздай көріңіз, жақсысын асырып, жаманын жасырып, кемшілігін кешіріңіз.
Үлгі-өнегені сөзбен емес, іспен көрсетіңіз. Андасанда келіннің айтқан сөздерін естімейтін саңырау,
ерсі қылығын көрмей қалатын соқыр болғаныңыз
да дұрыс. Ал бәрін бірдей жіпке тізіп отыратын
қазымыр болсаңыз, кейбір жақсы деген келіннің өзін
жүн жұтқызып жіберуге болады. Әке-шеше қызына
«Қарағым бізден кеттің, ақ босағаға жеттің, сол
қонысыңа құт бол. Енді осы әулеттің, сол ауылдың, сол
ағайынның сөзін сөйлеп, сойылын соқ, тастай батып,
судай сің» деу керек. «Ойбай-ау, не дейді, ендеше
ішіме сыйған балам сыртыма да сыяды» деп, отқа
май құйып, араға араздық ылаңын салатын, әкелер
мен шешелер де болады. Алла оның бетін әрі еткей.
* * *
Қай халықта болмасын, қыз әдеміліктің, әдептіліктің
баламасы іспеттес. «Қыз мінезді жігіт», «қыздың
жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей»
дегендей бойжеткенге тән тіркестер нәзіктік пен
байсалдылықты, шеберлік пен ұқыптылықты, сұлулық
пен сымбаттылықты аңғартады. Бүгінгі бойжеткен
ертеңгі отбасы ұйытқысы. Асыл жар, аяулы ана,
ардақты әже. Олай болса халық танымындағы
бойжеткенге қажетті сипат – имандылық, инабаттылық,
ізеттілік, әдептілік, ісмерлік, биязылық, мейірімділік.
Қыз тәрбиесінде: «Келінім саған айтам, қызым сен
тыңда» деген сөз бар. «Жақсы сөз – жарым ырыс»
дегендей, жанамалай түсіндіру, қыз тәрбиесінде
халқымыз күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды
аулақ ұстап, оларды мәпелеу, иландыру, сендіру, үлгіөнеге көрсетуге мән берген. Жас адамның, әсіресе
қыз баланың бүкіл кескін-келбеті, отырыс-тұрысы,
сөз саптауы, жұртпен қарым-қатынасы әсем де нәзік
болуы тиіс.
* * *
Белгілі әйгілі адам болу деген сөз – қоғамның
алдында, ар-ұятыңның алдында жауапты болу деген
сөз.
* * *
Жүректі тербеп, қан тамырларыңды шымырлатып
шығатын асыл сөз ақыл-ойдың айнасы.
* * *
Артыңда бөз қалғанша, ұлағат болар сөз қалсын.
* * *
Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
* * *
Көргені көп көш бастар.
* * *
Жақсының аты еліне өзінен бұрын жетеді.
* * *
Бойы орта болғанмен ойы көкпен таласып тұр.
* * *
Арындаған асауға да бұғалық бар.
* * *
Өзін-өзі мақтаған өгізбен тең.
* * *
Өркөкіректіктің де өз өлшемі болады.
* * *
Берік болса тұғырың – ұзақ болар ғұмырың.
* * *
Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз
жағыңды тындырмас.
* * *
Тәуелсіздік жүректегі нәріміз, тәуелсіздік
таңдайдағы дәміміз, тәуелсіздік дертке шипа
дәріміз, тәуелсіздік жаңа атқан таңымыз.
* * *
Татулық – достықтың киелі бесігі.
* * *
Құдай жалғыз, Құран шын, пайғамбар хақ.
* * *
Дауысы барда ойы жоқ, түрі барда сыры жоқ.
* * *
Есіктен орын табылса, төрге озба.
* * *
Көзбен көрген шын, құлақпен естіген – жалған.
* * *
Көп сөз ұтпайды, дөп сөз ұтады.
* * *
Дұшпаныңа әділ бол.
* * *
Ұстазы ұстамды болса, шәкірті дана болады.
* * *
Жақсы ұстаз көптің жүрегінде, мыңның
тілегінде жүрер.
* * *
Оқушылар мектептің гүлі, ұстаздар мектептің
нұры.
* * *
Адамдар бай болған сайын бақталастық арта
береді.
* * *
Адал дос, асыл жардан асқан дүние жоқ.
* * *
Тәлім-тәрбиенің негізі – ата -бабаларымыздың
өсиетінде.
* * *
Өсиетте қарттарда, қасиетте қарттарда.
* * *
Елге бай құт емес, әділ, іскер әкім құт.
* * *
Іздеме дана даладан, өнеге ал ата-анадан.
* * *
Ісіңде болса береке, үйіңде күнде мереке.
* * *
Шын жүйрік сүрінбейді, шын асыл бүлінбейді.
* * *
Жақсының өнегесі өлшеусіз, мылжыңның сөзі
мөлшерсіз.
* * *
Ай түнде керек, ақыл күнде керек.
* * *
Халықтың тұтастығы тілінен, берекесі
бірлігінен.
* * *
Жамандықты – амандық жеңеді.
* * *
Дүние у, ақша су, адам қу заман.
* * *
Адамда екі Отан болмайды.
* * *
Жақсылықты ұмытсаң жамандық қайта
айналып келеді.
* * *
Адам екі нәрсе арқылы қартаймайды.
Біріншісі – қайырымды ісі. Екіншісі – мейірімге
толы сөзі.
* * *
Ерден ердің артығы – білігі, елден елдің
артықтығы – бірлігі.
* * *
Қиянаттан асқан қылмыс болмайды.
* * *
Желге қарсы түкірген кісі өзінің бетін өзі
былғайды.
* * *
Теңіз терең емес, адамның жаны терең.
* * *
Әттең, жақсылық бар жерде жамандықтың,
мейірімділік пен ізгілік бар жерде қаталдық пен
қараулықтың бас көтеретіні тағы бар-ау.
* * *
Дос екі түрлі: бірі – іші кірлі, бірі – жарқын
нұрлы.
* * *
Мақтану да мастанудың бір белгісі.
* * *
Адам менмендіктен сынады.