Алғыс арқалаған абырой биігіндегі азамат

10 Views

Оңалбеков Сейіткерім Сармешұлы
жас кезінен алғыр болды. Кеңестік
кезеңде де, тәуелсіздік алған жылдары
да ел мүддесі жолында аянбай еңбек
етті. Кейіпкеріміз биыл 70 жасқа
толады. Нақтысын айтқанда, 10-шы
қазан күні. Сейіткерім Сармешұлы
1994 жылдан бастап кеден саласында
25 жыл еңбек еткен. «Құлан кеден»
бекеті бастығының орынбасары болып
та абыроймен қызмет атқарды. Жақын
арада Сейіткерім Сармешұлының 70
жасқа толуына орай, кейіпкерімізге
Қазақстан Республикасы «Кеден
органдарының ардагерлер одағы»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Б.Ходжабергенованың атынан алғыс әрі
құттықтау хат келген екен. Сейіткерім
Сармешұлының атқарған еңбегіне,
істеген жұмысына сырттай қанықпыз.
Сөзі мен ісі бір-бірімен қабысқан адам.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне
орай, Сейіткерім Сармешұлының 70
жасқа толуымен құттықтай отыра,
өзінің адамгершілік болмысын суреттей
келіп, осы құттықтау хатты да газет
бетіне жариялауды жөн көрдік.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий