ЛУГОВОЙЛЫҚ ОҚУШЫ «Ынталы оқырман» АТАНДЫ

15 Views

Кітап – адамзаттың ғасырлар
бойы жинақтаған рухани
тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа
жеткізетін баға жетпес қазына.
Ол – білімнің кәусар бұлағы
ғана емес, адамның ой-санасын
қалыптастырып, дүниетанымын
кеңейтетін, жүрегіне ізгілік
ұялатып, өмірге деген көзқарасын
қалыптастыратын тәрбие құралы. Кітап оқыған адамның ойы терең, сөзі салмақты, пайымы бай болатыны
да сондықтан.

Қазіргі таңда жас ұрпақты кітап
оқуға баулу, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, оқырмандық
мәдениетін қалыптастыру бағытында
түрлі тағылымды жобалар мен
байқаулар ұйымдастырылып келеді.
Мұндай бастамалар баланың кітапқа деген қызығушылығын оятып қана қоймай, оның өздігінен
ізденуіне, оқығанын саралап, ойын
еркін жеткізуіне мүмкіндік береді.
Жақында Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында өткен
«Мен оқыған 30 кітап» байқауы да
осындай ізгі мақсатты көздеген
тағылымды шаралардың бірі болды.
Байқауға әр өңірден білімге құштар,
кітап оқуды өмірінің бір бөлшегіне
айналдырған оқушылар қатысып, өздерінің әдеби білімін, ізденісін және
оқыған шығармаларын қаншалықты
меңгергенін ортаға салды. Осы байқауда Тұрар Рысқұлов ауданының
Луговой ауылындағы Тұрар Рысқұлов
атындағы мектеп­лицейінің 8­сынып
оқушысы Еркеназ Орынбек те бақ
сынады. Жас оқушы байқау барысында
өзінің кітап оқуға деген ерекше ынтасын, білімге деген құштарлығын және
әдеби шығармаларды терең түсінетінін
танытып, «Ынталы оқырман» номинациясын иеленді. Жеңімпазға 100 мың
теңге көлемінде ақшалай сыйлық
табысталды.
Бұл жетістік – бір күндік дайындықтың немесе кездейсоқ келген жеңістің нәтижесі емес. Оның артында
оқушының тұрақты ізденісі, кітапқа
деген сүйіспеншілігі, әр шығарманы
зерделеп оқуы және оған бағыт­бағдар
берген ұстазының еңбегі жатыр. Еркеназды байқауға дайындаған мектептің
кітапхана меңгерушісі Гүлбайра Танысхожаева шәкіртінің ізденімпаздығы мен кітап оқуға деген ынтасын
ерекше атап өтті.
– Байқау барысында Еркеназ оқыған шығармаларын жан­жақты
меңгергенін көрсете білді. Ол әдеби
туындылардың мазмұны мен негізгі
идеясын түсініп қана қоймай, шығарма
кейіпкерлерінің іс­әрекетіне талдау
жасап, өз ойын еркін жеткізе алды. Оның жүйелі түрде кітап оқуы,
ізденуі және әдебиетке деген қызығушылығы қазылар тарапынан жоғары бағаланды. Нәтижесінде
оқушымыз «Ынталы оқырман» номинациясымен марапатталып, 100
мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Бұл – Еркеназдың
білімге деген ұмтылысы мен кітап
оқуға деген ерекше қызығушылығының
жемісі. Оның жетістігі – өзінің жеке
еңбегімен қатар, оған бағыт­бағдар
беріп, қолдау көрсеткен ұстаздарының
да еңбегінің нәтижесі, – дейді Гүлбайра
Беделханқызы.
Кітапхана – баланың әдеби әлемге
алғаш қадам басатын қасиетті ордасы. Кітапханашы болса, сол әлемге жол сілтеп, оқырманның талғамын қалыптастыратын рухани
бағдаршам іспетті. Осы тұрғыдан
алғанда, Еркеназдың жетістігіне оның
ұстазының еңбегі де айрықша әсер
еткені анық. Кітапты жай ғана оқу
мен оны түсініп оқу – екі бөлек дүние.
Шығарманы оқып шығу бір басқа да,
оның астарына үңіліп, кейіпкерлердің
болмысын саралап, автордың айтпақ
ойын түйсіну бір басқа. Еркеназдың
байқаудағы нәтижесі оның кітапты
саналы түрде оқитын, оқығанын
«Ынталы оқырман» АТАНДЫ
ЛУГОВОЙЛЫҚ ОҚУШЫ
Кітап – адамзаттың ғасырлар
бойы жинақтаған рухани
тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа
жеткізетін баға жетпес қазына.
Ол – білімнің кәусар бұлағы
ғана емес, адамның ой-санасын
қалыптастырып, дүниетанымын
кеңейтетін, жүрегіне ізгілік
ұялатып, өмірге деген көзқарасын
қалыптастыратын тәрбие құралы.
ой елегінен өткізетін жас екенін
аңғартты. Өзі де кітап оқудың адам
өміріндегі маңызын жақсы түсінетін
жас оқырман. Еркеназдың айтуынша,
мұндай байқаулар баланың әдебиетке
деген қызығушылығын арттырып,
жаңа дүниелерді білуге жетелейді.
– Мұндай байқаулар кітап оқуға
деген ынтаны арттырады. Кітап
оқу арқылы ой­өрісіңді дамытып,
өмірлік біліміңді толықтырасың.
Сонымен қатар осындай байқауларда
жүлдегер атанып, ауылдастарыңды,
жақын­жуықтарыңды, ұстаздарыңды
қуантасың. Жастарды білім іздеуге
қызықтыратын осындай байқаулар
көбейе берсе екен деймін. Негізінде
кітап оқу, біліміңді байыту – ең
алдымен әр адамның саналы ғұмыр
кешіп, өз біліктілігін дамытуы үшін
қажет. Сондықтан замандастарымды
тек байқау үшін емес, білім алып, есейгенде елімізге адал қызмет ету үшін
кітап оқуға шақырамын, – дейді білімге
құштар өрен Еркеназ.
Жас оқушының бұл сөзі оның кітапты жай ғана жарыс құралы ретінде емес, өмірлік серік, білім мен
тәрбие көзі ретінде қабылдайтынын
көрсетеді. Расында бүгінгі таңда ақпарат көп болғанымен, кітаптың адам
санасына берер әсері ерекше. Экраннан
жылдам ақпарат алуға болады, алайда
кітап оқыған кезде адам ойлануға,
салыстыруға, саралауға, кейіпкердің
жан дүниесіне үңілуге үйренеді. Көркем
шығарма баланың тіл байлығын
арттырып, сөз саптау мәдениетін
қалыптастырады. Ең бастысы,
жақсы кітап адамның жүрегіне ізгілік
дәнін себеді. Еркеназдың «Ынталы
оқырман» атануы – ауыл мектебінде
білім алып жатқан жас ұрпақтың
да үлкен ізденістерге ұмтылып,
республикалық, облыстық деңгейдегі
байқауларда өз қабілетін таныта
алатынының жарқын көрінісі. Оның
жетістігі өзімен қатар білім алып
жатқан оқушыларға да үлгі болары
сөзсіз. Ауылдағы қарапайым мектептің
кітапханасынан басталған ізденіс
үлкен белеске ұласты. Кеше ғана кітап
сөрелерінен өзіне ұнайтын шығармаларды іздеп жүрген оқушы бүгінде
оқығанын талдап, әдеби білімі мен
ойлау қабілетін көпшілік алдында дәлелдеп отыр. Бұл – кітап оқудың адамға
беретін мүмкіндігінің бір ғана мысалы.
Қазақта «Кітап – білім бұлағы, білім
– өмір шырағы» деген тағылымды сөз
бар. Ұлттың ертеңі де осындай білімге
құштар, ізденістен жалықпайтын,
рухани дүниесі бай жастардың қолында.
Ал Еркеназ секілді кітаппен дос болған
өрендердің әрбір жетістігі – елдің
ертеңіне деген сенімнің нығая түскенін
білдіреді. Кітапқа құштар бала – ойға
құштар бала. Ойға құштар ұрпақ
қана елдің болашағын жарқын ете
алады. Сондықтан жас оқырманның
кітаппен достығын арттырып,
олардың әдебиет әлеміне еркін енуіне
жол ашатын осындай байқаулардың
маңызы зор. Еркеназдың «Ынталы
оқырман» номинациясындағы жеңісі
– бір оқушының ғана жетістігі емес,
кітап оқудың қадірін түсінген отбасы
мен ұстаздың, мектептің және туған
ауылдың ортақ қуанышы. Бүгінде оның
қолындағы кітап – ертеңгі күні елге
қызмет ететін білімнің, парасаттың
және биік мақсаттың берік негізіне
айналары анық.
Қамар ҚАРАСАЕВА

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий