ҚЫЗЫЛША ВАКЦИНАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?

29 Views

Қазіргі кезде қызылша сияқты
инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес.
Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық байқалады. ДДҰ-ы
қызылшамен сырқаттанушылықтың
себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып
отыр. Бұл Қазақстан аумағына осы
инфекцияның әкелінуі және егілмеген
тұрғындар арасында оның тез таралуы
қаупін арттырады.
Қызылша дегеніміз не және ол
несімен қауіпті?
Алғашқы белгілер инфекциядан 8-12
күн өткен соң пайда болады. Қызылша
– дене қызуының 38-40° дейінгі жоғары
температура, тұмау, көздің қызаруы,
ауыздың шырышты қабатында ұсақ ақ
дақтардың пайда болуы.
Бірнеше күннен кейін бөртпе бетке
және мойынның жоғарғы бөлігіне
таралады, содан кейін біртіндеп төмендейді.
Инфекция көзі – науқас адам.
Вирус ауа-тамшы жолы арқылы, сілекей тамшылары арқылы, түшкірген,
сөйлеген кезде таралады. Егер адам
қызылшамен ауырмаған болса және
осы инфекцияға қарсы егілмеген болса,
онда науқаспен байланыста болғаннан
кейін негізінен жағдайдың 100%-да жұғу
орын алады.
Адамдардың табиғи сезімталдығы
өте жоғары. Ауырып сауыққаннан кейін
адамдарда өмір бойына иммунитет
пайда болады. Қызылшамен қайталап
сырқаттану жағдайы өте сирек кездеседі.
Қызылшамен сырқаттанған кезде
күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін.
Оларға өкпенің қабынуы (пневмония),
орта құлақтың қабынуы (отит), кей
жағдайда энцефалит (мидың қабынуы)
тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады.
Қызылшамен ауырып сауыққаннан
кейін ұзақ уақыт бойы (2 айға дейін)
иммунитеттің төмендеуі байқалатынын
есте сақтау қажет. Сондықтан бала
қандай да бір суық тию немесе
вирустық аурумен ауыруы мүмкін. Сол
себепті оны шамадан тыс жүктемеден,
мүмкіндігінше науқас балалармен
қарым-қатынастан қорғау қажет.
Аурудан сенімді қорғанудың бірденбір жолы – Ұлттық егулер күнтізбесіне
енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация
болып табылады.
Ата-аналарға:
– балаларының қызылшаға қарсы
егу мәртебесін тексеру, вакцинация профилактикалық егулер алу;
– қызылшаға қарсы егілмеген
балалардың әртүрлі мәдени-көпшілік ісшараларға қатысуын, ойын-сауық сауда
орталықтарындағы ойын алаңдарына
баруын шектеу ұсынылады.
Егер сіз немесе сіздің балаңыз
ауырған жағдайда:
– катаралды құбылыстармен (дене
қызуының көтерілуі, бас ауруы,
әлсіздік) байқалып және бөртпе шығып
аурудың бірінші белгілері пайда болған
кезде дәрігерге қаралу, қызылша
ауруына тексеруден өту және оның
барлық нұсқауларын орындау;
– ауыр жағдайларда жедел жәрдем
шақырту;
– дәрігер келгенге дейін туыстарымен, таныстарымен және басқа адамдармен байланысты шектеу;
– жөтелген және түшкірген кезде бет
орамалды немесе сулықты пайдаланып,
ауызды және мұрынды жабу, қолды
сабынмен жиі жуу;
– тыныс алу ағзаларының қорғаныш
құралдарын (мысалы, бетперде немесе
дәке таңғыш) пайдалану – өзін өзі
емдемеу қажет!
Қызылшаның алдын алу.
Инфекцияға қарсы күрестің ең
қолжетімді және тиімді әдісі – вакцинация болып табылады.
Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелігіне сәйкес, балаларды
қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау 12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі. Сондайақ, қызылшамен ауырмаған, бұрын
егілмеген немесе қызылшаға қарсы
вакцинациясы туралы мәліметтері
жоқ 18-25 жастағы ересектер егіледі
(иммундау егулер арасындағы кемінде
3 ай аралықпен екі рет жүргізіледі).
Қызылшаға қарсы егілгені немесе
бұрын қызылшамен ауырғаны туралы
мәліметтері нақты емес қызылшамен
ауырған науқаспен байланыста болған адамдар вакцина алуы қажет.
Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға
дейін сақталатын сенімді иммунитетті
қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық ахуал төмендеген кезде жүргізілген болса да қызылшаның дамуының алдын алады.
Ж.РЫСБАЕВА,
аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау
басқармасы басшысының міндетін
атқарушы.
А.БЕЙСЕБАЕВА,
аудандық эпидемиологиялық
бақылау бөлімінің бас маманы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий