ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

23 Views

6-8 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНЫҢ БІРЛІК
АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗУ
ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ
СПАРТАКИАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Аталған жарысқа Т.Рысқұлов
ауданының спорт нұсқаушылары мен
сала қызметкерлері қатысып, бірнеше
спорт түрінен өзара бақ сынасты.
Нәтижесінде жерлестеріміз жоғары
нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды
иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша
Қайыңды ауылдық округінің спорт
нұсқаушысы Мұқаметжан Алмат
үстел теннисінен қарсыластарынан
басым түсіп, І орынды жеңіп алды. Құлан ауылдық округіндегі Бұқаралық спорттық іс-шаралар
өткізу орталығының кіші қызметкері
Асанбекова Шария садақ атудан
мергендігімен көзге түсіп, І орынға ие
болды. Ал Құлан ауылдық округінің
спорт нұсқаушысы Мамыков Құлан қол күрестен ІІІ орынды иеленді.
Жерлестерімізді жеңістерімен
құттықтап, алдағы спорттық додаларда
жаңа жетістіктер тілейміз!
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий