Жас таланттың жарқын жеңісі

31 Views

Құлан ауылындағы №1 мектеплицейінің 5 «А» сынып оқушысы
Тоқташ Айғаным Ерікқызы Тараз
қаласында өткен «Жас талант»
халықаралық өнер­білім байқауында
үздік шықты. Ол аталмыш байқауда
«Бейнелеу мен қолөнер» номинациясы
бойынша жоғары шеберлік көрсетіп,
бас жүлде иегері атанды. Халықаралық
додада топ жарған жас суретшінің бұл
табысы – оның қажымас еңбегі мен
шығармашылық ізденісінің нәтижесі
деп білеміз.
Ұстаздың тәлімін бойына сіңіріп,
ізденіске ұмтылған шәкірттің осындай
жетістікке жетуі – ұстаз еңбегінің
жемісі. Жас дарынның өнерге деген
қадамын ұштап, бағыт берген ұстаздары
– сынып жетекшісі Ботакөз Шадиева
мен бастауыш сынып мұғалімі Күлбібі
Бекжанованың шәкірт жетістігіндегі
еңбегі орасан. Сонымен қатар жас
таланттың әр бастамасына демеу болып, қолдау көрсеткен атасы Тоқташ
Байқазақовтың да үлесі ерекше екенін
атап өткен жөн. Өнерге құштар өрендердің жетістігі – ел мерейі, ұлт болашағына деген сенімнің белгісі.
Аудан абыройын халықаралық
деңгейде асқақтатқан Айғанымның
болашақта еліміздің мақтанышына
айналарына сеніміміз мол. Өнерлі өреннің талабы таудай, қадамы нық
болып, болашақта ауданымыздың
ғана емес, еліміздің мақтанышына
айналуына тілектеспіз. Жас талантқа
алдағы уақытта да шығармашылық
табыстар тілейміз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий