Бенефис кеш немесе «жорға шымыр» Жорабек достың ауылына барғанда
Алдымен аздап әзілге тізгін тартайық. Ат төбеліндей алақандай ауылды ілгеріде
«Қызыл Ту» ауылы деуші еді. Кейін заман да,
заң да өзгерді ме шынашақтай шымыр ауылына
Әбжапар көкемнің аты берілді. Осынау үкідей
ұйысқан мекенде менің қимас екі досым бар.
Біреуі міне қырандай қанатын қомдап ортамызда
отыр. Ал, екіншісі сексенге келгенде шын дүниеге
аттанды. Төкең – Төребек Әбдікерімовті айтамын
(жатқан жері жайлы болсын) құс қауырсынына
күй байлаған асқан шебер күйші, тобылғы түсті
домбыра шанағынан толғауы тоқсан жыр толғаған
жыршы еді ол кісі. Ал, енді Жорабектің бойында
бәрі бар. Күйші сазгер, суырыпсалма ақын десең де
оның тұла бойы тұнған өнер. Жөкеңнің сатираға да
салған сүрлеуі бар. Бүгінгі қайымқақпайымызды
оның осы қырынан бастағанды жөн көріп отырмын.
Сонымен қазіргі заман тілімен айтқанда, «бенефисшоудың» әлқиссасын ондаған
әннің, бір емес екі кітаптың авторы «Салкүрең»
және «Көксүңгі» Жорабек Әбдікерімұлының
бірқақпайларынан бастасам деймін.
«АЛА СИЫР КӨРДІҢ БЕ?»…
Бірде Жөкең құлқын сәріден тұрып күндегі әдетінше жылқысын жемдеп, қойешкісін
өріске шығарып Қызылтудың көшесімен келе
жатып көрші шарбақта төрт аяғы аспанға
шаншылып, теңкиіп жатқан ала сиырды көреді де:
«Е, жарықтық түнімен бастықтың орамжапырағы
мен жоңышқасына тойып алып, іші жарылып
өлген екен ғой. Әумин! Жатқан жерің жайлы
болсын» дегенше болған жоқ алдынан сойылын
сүйретіп Бөдебас құрдасы шыға келді. Ол сәлем
берудің орнына:
– Әй, Жөрке менің албасты басқыр ала
сиырымды көрдің бе? Түнімен іздедім. Жер жұтып
кеткен бе? Бұл төңіректен көрінбейді, – деді салы
суға кетіп.
– Астапыралла! Астапыралла! Сенің сиырың
ба еді? Қазаның арты қайырлы болсын, – деп бұл
бетін асығыс сипап, сұқ саусағымен әлгі сиыр
жатқан шарбақты нұсқап жөнеле берді.
Құрдасы аңтаң күйде зеңгі тұқымы «қаза
болған» шарбақтан аттаған бойда сілейіп тұрып
қалды да: – Тү…ү…у…у мына иттің зәремді
алғанынай, ала сиыр өлсе сойылар, адам өлмесе
болды да, – деп тәубесін айтып құрдасының
зілмауыр қалжыңын елемеген болып қала берді.
САҚПАНДА немесе «Қарагердің зары»
қалай шықты?
Кеңес өкіметінің саптыаяққа сыра құйып, сабынан күзететін совхоздың малын
әлдеқашан өліп қалған атабабасының малындай
көріп тышқақ лағың өлсе де мойныңа салып қан
қақсатып қоятын қаймана заман еді. Сол совет
заманын кейбір кісілер «нағыз коммунизм заманы
еді ғой» деп ауыздарының суы құрып айтып жүр.
Сол жылдары Жөкең «Алғабас» қой совхозының
есепшісі болатын. Бір күні директор Даубаев оны
кабинетіне шақырып алып: «Сақпанға барып
қозыға санақшы боласың, астыңа ат, қолыңа шот
береміз» – деді.
Сөйтіп Жөкең кеңсені қойып қойшылардың көктеуіне келеді. Көгенге келген қозыларды сырғалап, шотқа салып, шопанның өрісін
аралап жүргенде астындағы әбден жауыр болған
аты жем бермесе жүруден қалатындай мүшкіл
күйге түседі. Бір күні ферма арыған атқа жем
де әкеліп береді. Жөкең қарагер атына табақтап
арпабидай беріп, күн сайын шұрайлы өріске тұсап
жіберіп жүрген. Таңнан тұрып сақпан аралайын
десе аты жуық маңнан көзіне түсе қоймаған соң
шопаннан сұраған. Шопан: «Осы сізге кеше ферма
әкеліп берген арпа дәріленген бе? Өйткені көкшіл
тартып тұр ғой» деген. Сонымен совхоздың
жылқысы өлді де қалды. Директор өлген атты
әйшәй жоқ Жөкеңнің мойнына салған. Содан
бастыққа өлген жылқының жайын қалай айтарын
білмей жүрген еді. Жөкеңді директордың жылдық
есеп беру жиналысына шақырды. Жиналыста
директордың: «Кімнің қандай сұрағы бар?» деген
уәжін ести сала: «Менде бар» деген Жорабек ақын орнынан атып тұрып. Сонда ол домбырасын
қолтығына қыса ұстап тұрып: «Директор жолдас
мен арызымды өлеңмен айтсам бола ма?» деген.
Жұрт жабыла: «Айт! Айтсын» деген жапа- тармағай. Сонда Жөкең осы қарагер атқа айтайын
деген мұңы мен зарын, арызын ақындық өнерімен
бүкіл қауымға жайып салыпты. Директор Нәкен
Даубаев түсінікпайымы мол жан екен, ақынның
айтқан жырын жан сыры деп түсініп, оның
мойнына салынған қарагер атты алып тастатыпты.
Бұған күлетін дәнеңе жоқ. Бірақ ақын қарагердің зарын Ақан серінің Құлагерінен
кем жырламаса керек деп ойлаймын.
Осы көрші ауылда Ордан Рәсілов деген
қойшы болған. Сол кісі осы Жорка сияқты
оқтатекте ойынан өлең шығарып, жиынтойда
ғана замандастарына оқып береді екен. Осы
«Алғабас» қой совхозының озат шопанының
құмда отырған қонысына ары өткен бері өткен
кісілер Орекеңе сәлем бермей өтпейді екен. Аузы
дуалы ақсақалдың ұшқыр ойлы өлеңдерін тыңдап,
шешендігіне тамсанып жүретін ауданның бір топ
басшылары құмдағы қойлы ауылды аралап келе
жатып, Орекеңнің киіз үйінің тұсына келіп тұрып
сырттан дауыс береді. Сонда Орекең: «Бүгін
маған траур…» деп төсегінде жата беріпті. Сонда
олардың арасынан бір бас маман өздерімен бірге
жолбасшы болып бірге келе жатқан завпермені
Ордан Рәсіловке жұмсап: «Білші, Орекеңнің мына
жатысында бір жорық бар шығар?» – депті. Ішке
кіріп шыққан завфермер: «Орекең бүгін аза тұтып
жатыр екен. Бүгін Димаш Қонаевтың қаза болған
күні болса керек» депті.
Далада қаннен сілтідей тына қалып бастарындағы қаперсіз тұрған басшылар
малақайларын алып, тапқыр да терең ойлы аға
шопанның үйінің алдына отыра қалып тізе бүгіпті. Осы екі оқиғаның бірбірімен байланысы бар
ма? Айтыңдаршы ағайын? Меніңше, бар сияқты.
Директор Даубаевқа Жорабек ақынның қиыннан
қисынын тауып, совхоздың уланып өлген атының
оның кінәсінен емес екенін шайырлық шеберлікпен
жеткізе білуі мен тау тұлға Д.Қонаевтың қаза
болған күнін айтып, дүйім жұртты Орекеңнің өз
есігі алдында бас идіруі – бұл осы екі тұлғаның
тапқырлығы мен шешендігі дер едім. Мен де өлең құрастырамын. Бірақ Абай айтпақшы: «Өлеңге әркімніңақ бар
таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы». Арғы
жағын өздерің айтыңдаршы…Иә, жұпжұмыр боп келетін айналасы, айтыңдаршы, құрастырар
қазақтың қай баласы? Мен өзімді ақынмын деп
айта алмаймын. Бірақ, Жорабек досым мен оның
ағасы Төребек сияқты шұрайлы жыр жаза алам ба?
Тыңдап көріңдер…Тұнық суды түртіп оятқандай
әсер алсаңдар …
ЖЫР ЖАЗАЙЫҚ ЖҮРЕКТІҢ ҚЫЛЫН
ТЕРБЕП…
Жыр жазайық жүректің қылын тербеп,
Бәйгеден озып келген аттай терлеп.
Қарасаз, Қарабұлақ, Жұмбақтасқа,
Мұқағали мұңын шағып енді келмес.
Бел жатыр, белес жатыр асу бермес,
Ақынның ойы ұшқыр жөнге көнбес.
Күй түлеп, өлең ұшса жүрегіңнен,
Ән болып әуезі оның мәңгі сөнбес.
Сексенге келіп қалды Жорка жырау,
Шымырдың жорғасы ма өзі дырау.
Шабыты келсе шіркін тоқтамайды,
Салпаң торы сияқты түбі мынау.
Ат баптап құс ұшырып жүрген бала,
Шошайтып шот соғатын түрі мына.
Айтысқа түскен кезде қоразданып,
Талай жұрт қол соғатын пошымына.
Өрнектен Жөкең талай жаяу келді,
Мейраш қой онысына әбден көнді.
Жүйрік мініп, қыран құс ұстап жүріп,
Талайларды жан досым әнмен жеңді.
Біздің Жөкең осындай ерен жігіт,
Шабыты шалқар терең жігіт.
«Түрік сойға» мүше боп алғалы ол,
Миығынан жүреді әрең күліп.
Бас бәйге үнемі оның тақымында,
Алшысынан тұрады асығың да.
Айтқандарын тыңдайды оның,
Ауылдың ақыны да жасы мұнда.
ТҮЙІН: Енді осы үкідей ұйысқан алақандай
ауылда өткен ақын шығармашылығына арналған
бенефис кештен алған әсерімді баяндайын. Біздің
кезімізде мұндай жанрды репортаж деуші еді.
Бір байқағаным, жергілікті халық ауылға
Әбжапар Жылқышиевтің атын бергенімен
мектепке бермепті. Бірақ мектеп ғимаратының
сәні мен салтанаты келіскенақ екен. Жаңа білім
ордасының айналасын көмкерген көздің жауын
алатын қызылдыжасылды гүлдер сары жамылған
күз көркін ұмыттырғандай ма, қалай?.. Мектеп
ішіндегі шағын зал да үлде мен бүлдеге оранып
тұр. Сахна төріне айшықты әріптермен ойып
тұрып жазылған: «Сөз бен саз – жүрек үні» деген
тақырып та тауып қойылыпты.
Бәрін айт та бірін айт, кеш төрінде аудандық
ақсақалдар Кеңесінің төрағасы, «Бата жиған
Бижановтың» өзі отыр. Сөйтсем Қожекең Түрік
әлемі Жазушылар Одағының мүшесі, суырып
салма ақын әрі сазгер Жорабек Әбдікерімұлымен
бірге бір сыныпта оқыған сыныптасы екен. Кешті
осы Алғабас, Ақыртөбе өңіріне аты танымал
Қола ақсақалдың немересі, осы Өрнек ауылдық
аймағының әкімі Айхан Жамбылұлы Назарбеков
ашып, жиналғандарға жылы лебіз білдірді. Сөзге
шешен, көпке көсем атақты шайыр Қазыбай
Бижановтың ұлы Қожайхан Бижанов өзіне сөз
берілгенде отырғандарға Жорабек досы туралы
ойы тұнық, орайы бөлек пайым айтып, мақал
сөздің мәйегін теріп, майын тамызып, толғауы
тоқсан қызыл тілден тобылғының түбінен ойып
алғандай шешен тәмсілдер шұбыртты.
Кештің тізгіні жүргізуші Айбекке тиісімен кешегі есепші Жорабектің сөз бен
сазға толы жүрегінің үні домбыра шанағынан
төгіліп жүре берді. Бұл жолы Жөкең қолына
қара домбырасын алып көсілтіп ән айтпады.
Әнді әкесінің орнына ұлы Өтеген мен немересі
Нұрперзент, Бірлес, Мамайқайыңды елді
мекендерінен кешке арнайы келген ақын өнеріне
тәнті өнерпаздар айтты. Иә, Жорабектің өз
дауысын естігімізақ, келді. Бірақ оның Мұхтар
Шахановтың 80 жылдығы мен Абай Құнанбаевтың
180 жылдығына арналған мүшайраларда бірінші орын алған дүлдүл ақын екенін естіген
ауылдастары арқалы жерлестерінің «Әулиеата
шайырлары» бірлестігі құрамында талай жерде
өнер көрсеткеніне тәнті болып, риза пейілмен қол
соқты. Ақын шәкірттері Қайрат Байсариев, Дәурен
Қошқарбаев, Айбек оның әндерін домбыраға
қосылып орындап берді. Ал, Жөкеңнің Балхашқа
барғанда шығарған «Балхаштың қыздарына» деген
әні кешке жиналғандарға тосын сый болды. Осы
әнді Жорабек өзінің жан жары Мейрамкүл екеуі
қосыла шырқап, осыдан қырық жыл бұрынғы
көзайым кешті еске түсірді. Осы кешке Жөкеңнің
жан жолдасы Нұрболсын (лақап аты Бөдебас) да
келіп отыр еді. Ол қарап отырмай: «Махаббат деп
осыны айт» деп қойып қалып еді, жұрт ду күлді.
Ат төбеліндей аз ауыл болса да бенефис кешке халық көп жиналды. Олар
Ж.Әбдікерімовтің шығармашылығындағы
он ән мен екі күйді еліте тыңдады. Сазгердің
«Қызылтуым», «Қарабұлағым» әндері жиналған
жұрттың жүрегін шымырлатты. Төребек ағаның
ұлы Қаршыға әкесінің «Сонар» атты күйі мен
Жорабектің «Сағындым Нұрағамды» деген күйтолғауын тартқанда Шу бойынан Әбдімомын аға
Желдібаев келіп қалғандай әсерде болдық. Осы
кешке Ақүрпековтердің жасы үлкен 83ке келген
қариясы Дүйсебай ақсақал да келіп қатысып
отырды. Ол кісі кештен алған әсерін жасыра
алмай: – Жорабек шымырдың шын жорғасы екен.
Ауылымызда осындай саңлақ ақынның болғаны
менің мерейімді өсіріп отыр. Жорабек өнерің өрге
жүзсін, көп жаса! – деді толқу үстінде батасын
берді. Гүлмира Ақүрпекованың да осы әулеттен
шыққан талантты әнші екенін білеміз.
Біз «Жүнжүрек» бауырындағы «Қарабұлақ» маңынан түс ауа аттандық. Құлағымыздан
Жорабек пен Төребек марқұмның қос күйі қалмай
келеді. Аңшысаятшы Әбдікерім ақсақалдың
екеуі де қос қанаты сияқты. Салкүреңмен сабалай
шауып келе жатқандай көрінді маған.
С. ҚОЖЕКЕ,
ардагер журналист, ҚР Журналистер
одағы сыйлығының иегері.
СУРЕТТЕРДЕ: сазгер әрі жырау Жорабек
Әбдікерімовтың ауылдық мектепте өткен
кешінен.
