МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫ: ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

25 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар
Есіркепов сайлау науқанына дайындық
барысын пысықтау мақсатында жауапты
сала басшыларының қатысуымен жиын
өткізді.

Жиында сайлау учаскелерінің дайындығы,
материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі,
санитарлық талаптардың сақталуы, қоғамдық
қауіпсіздік пен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау
мәселелері кеңінен талқыланды.

Аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына,
ауылдық округ әкімдеріне алдағы қысқа мерзімде
барлық дайындық жұмыстарын толық әрі сапалы
аяқтауды, анықталған кемшіліктерді жедел
түзетуді тапсырды.

Мұндағы басты мақсат – тұрғындардың өз
таңдауын еркін білдіруіне барлық қажетті жағдай
жасау.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий