АУДАН ӘКІМІ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ МЕН ҚЫСҚЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ
Аудан әкімі Ернар Есіркепов бірқатар
әлеуметтік және тұрғын үй нысандарын
аралап, жылыту маусымының барысымен
және қысқы кезеңге дайындық
жұмыстарымен танысты.
Атап айтқанда, аудан басшысы «Балдырған»
балабақшасына, Жақсылық ауылындағы Қызылпан
Сұлтанбеков атындағы орта мектепке және
И.Панфилов тұрғын үйіне барып, нысандардың
жылумен қамтылу жағдайын тексерді. Сондайақ, аудандық электр желілерін тарату мекемесіне
арнайы барып, келесі жылы аталған нысанда
жоспарланған құрылыс жұмыстарына дайындық
барысын пысықтады. Жаңа нысанның іргетасын
қалау үшін жер учаскесін бөлу, құрылыс
жұмыстары жүргізілген кезеңде де тұрғындарға
сапалы әрі үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз
ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Аралау барысында қоғамдық қабылдаулар
кезінде тұрғындардан түскен өтініш-тілектер
де назардан тыс қалмады. Аудан әкімі Жібек
жолы көшесінің бойында орналасқан тұрғын
үйлерді аралап, тұрғындардың талап-тілектерін
зерделеді. Көтерілген мәселелерді шешу бойынша
жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Бұдан бөлек аудан басшысы «Құлан жолдары»
мекемесіне барып, қыс мезгілінде автомобиль
жолдарын күтіп-ұстауға қажетті техникалар мен
дайындық жұмыстарының жай-күйін тексерді.
Аралау қорытындысы бойынша жауапты мекеме
басшыларына жылыту маусымының тұрақты
өтуін қамтамасыз ету, анықталған мәселелерді
уақтылы шешу және автомобиль жолдарын қысқы
кезеңде тиісті деңгейде күтіп-ұстау жөнінде нақты
тапсырмалар берілді.
Жәнібек Базылбек.
