Заң мен тәртіп – әділетті мемлекеттің негізі
Жасөспірімдер арасында құқық
бұзушылықтың алдын алу – қоғам
алдындағы маңызды міндеттердің
бірі. Осы мақсатта өткен аптада аудан
орталығындағы Әлихан Бөкейханов
атындағы орта мектепте аудан әкімі
Ернар Есіркепов жоғары сынып
оқушыларымен кездесті. «Заң мен
тәртіп – әділетті мемлекеттің негізі»
тақырыбында өткен жүздесуде аудан
басшысы заң талаптарын сақтау –
әр азаматтың міндеті екенін айтып,
жасөспірімдерді тәртіпті болуға, өз
әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға
шақырды. Сондай-ақ, қазіргі таңда
елімізде жастардың білім алуына
барлық жағдай жасалғанын атап өтіп,
оқушыларға берілген мүмкіндіктерді
тиімді пайдаланып, білімге ұмтылу
қажеттігін жеткізді. Жиын соңында
оқушылар аудан әкіміне өздерін
толғандырған сұрақтарын қойып, ашық
пікір алмасты.
Ақжарқын МҰРАТБЕКҚЫЗЫ.
