БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Балаға қауіпсіз орта қалыптастыру,
оның психологиялық жағдайына көңіл
бөлу және түрлі қауіптің алдын алу –
бала құқығын қорғаудағы маңызды
бағыттар. Осы мақсатта өткен жұмада
ауданда профилактикалық бағыттағы
ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Түстен кейін де дәл осындай жиын
жалғасып, оған аудан әкімі Ернар
Есіркепов пен аудан прокуроры Ілияс
Тойшыбеков қатысты. Кездесуде
мектептегі буллинг пен жасөспірімдер
а р а с ы н д а ғ ы су и ц и д т і ң а л ды н
алу мәселелері кеңінен қозғалып,
қатысушылар өзара пікір алмасты.
Бала – біздің жарқын болашағымыз.
Олардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз
етуде тек мектеп ұжымы ғана емес,
үйдегі ата-ана да маңызды рөл атқарады.
Сондықтан әр баланың жан дүниесін
түсініп, қажет кезінде қолдау көрсету
маңызды.
Ақжарқын ТОҚСАНБАЙ.
