ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

14 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Сақпанқұлов Ердос Тілепбайұлы 1985 жылдың 17 маусымында Көкдөнен ауылында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов
атындағы орта мектептің түлегі. 2007-2011 жылдар аралығында Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде білім алған.
Мамандығы – құрылысшы. 2016-2020 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін инженер – құрылысшы
мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары. 2003 жылы «Тараз құрылыс дизайн» ЖШС-де бас маман, 2006 жылы
«Алматы құрылыс және менеджмент колледжі» ЖШС-де шаруашылық меңгерушісі, 2006-2007 жылдары «H.A.K. STROY
GROUP» ЖШС-де бригадир, 2012-2014 жылдары Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінде инспектордың
көмекшісі болып еңбек еткен. 2014-2015 жылдары Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде
инспектор, 2014-2015 жылдары Алматы қаласындағы «АРСАТ» ЖШС-нің директоры, 2015-2017 жылдары Алматы
қаласындағы «Liberty Company» ЖШС-нің директоры, сондай-ақ, 2017-2018 жылдары Алматы облысы, Қарғалы ауылындағы
«Жан-Тайыр Сәулет» ЖШС-нің директоры болып қызмет атқарған.
2018-2022 жылдары «Stroi service group KZ» ЖШС-де, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы
Сараптама палатасының төрағасы болып жұмыс істейді. Аудандық мәслихаттың 8-ші шақырылым депутаты болған.
Отбасылы. Балалы-шағалы. Меценат.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Сіздер мені 2023 жылғы барлық деңгейдегі
мәслихат депутаттарының сайлауында да қолдағансыздар. Бұл жолы да өздеріңізге сене отырып, тағы да аудандық мәслихат
депутаттығына кандидат болып отырмын. Менің мақсатым – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік
мәселелерді шешуге және ауылдардың орнықты дамуына ықпал ету. Әрбір тұрғынның пікірі ескеріліп, көтерілген мәселе
жауапсыз қалмайтын, мемлекеттік шешімдер ашық әрі әділ қабылданатын орта қалыптастыру.
«Әділет» партиясының 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы әділдік, заң мен тәртіп,
жауапкершілік, еңбекқорлық және прогресс құндылықтарын басшылыққа ала отырып, Көкдөнен, Жақсылық ауылдарының
өзекті мәселелерін аудандық деңгейде жүйелі көтеруге күш салатын боламын. Менің ұстанымым – әрбір мәселе нақты
ұсынысқа, әрбір ұсыныс жүйелі жұмысқа, ал әрбір қабылданған шешім қоғамдық бақылауға негізделуі тиіс.
Құрметті сайлаушылар! Егерде мені қолдасаңыздар, мына мәселелерге назар аудармақ ойымда бар. Көкдөнен, Жақсылық
ауылдарындағы ауыз су сапасының қысымы мен үздіксіз берілуіне қатысты мәселелерді жинақтап, шешу жолдарын ұсыну,
жиі істен шығатын су құбырлары мен электр желілерін жөндеу және жаңғырту қажеттілігін ауданның тиісті жоспарларына
енгізуге ықпал ету, Көкдөнен ауылында электрмен жабдықтау және газдандыру бойынша 2030 жылға жоспарланған
жобалардың дайындық кезеңі, қаржыландырылуы және іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату, Көкдөнен ауылына
келетін тау суының каналына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бастама көтеріп, тиісті мекемелермен жұмыс жүргізу,
Жақсылық ауылына келетін тау суына жаңадан канал салу бастамасын көтеріп, ұсыныстар енгізу, Көкдөнен, Жақсылық
бағытындағы КВ-73 автомобиль жолының 0-20,9 шақырым учаскесін және жол құрылыстарын орташа жөндеудің 2027 жылға
жоспарланған жобасының орындалу барысын бақылау мәселесін көтеру, үш ауылдағы жөндеуді қажет ететін көшелердің
тізімін тұрғындармен бірлесіп қалыптастыруды өзіме мақсат етіп отырмын. Ауылішілік жолдарды да кезең-кезеңімен, оның
ішінде Көкдөнен ауылы бойынша Қ.Сүлейменов көшесіне (2,1 шақырым) Жақсылық ауылы бойынша Б.Зәуірбеков көшесіне
(2,1 шақырым), Ж.Қапалбаев көшесіне (1,3 шақырым), К.Абахов көшесіне (1,5 шақырым) және Жамбыл көше бұрылысына
(дәу жол-1 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге шамамның келгенінше ықпал ететін боламын.
Құрметті жерлестер! Көкдөнен және Жақсылық ауылдарының дамуы – тұрғындардың әл-ауқаты, балалардың болашағы,
еңбек ету мүмкіндігі және ауылдағы өмір сапасымен тікелей байланысты. Мен үшін депутаттық қызметтің басты өлшемі –
көтерілген мәселелердің саны емес, олардың шешілуіне қосылған нақты үлес. Сондықтан 29 қарашада мені қолдап, маған
дауыс беріңіздер!
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий